Йеменде тырысқақ ауруына шалдыққандардың саны 5000-нан асты

/uploads/thumbnail/20170815094931281_small.jpg

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сай, Йеменде тырысқақ ауруына шалдыққандар саны жарты миллионға жетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  BBC-ге сілтеме жасап. Йеменде әлі күнге дейін азаматтық соғыс жүріп жатыр.

2017 жылдың сәуір айының соңында 1975 адам аталмыш аурудан көз жұмды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, шілде айынан бастап тырысқақ ауруына шалдыққандардың саны қысқарды. Дегенмен күн сайын 5000-ға жуық адам күнделікті аталмыш дертке шалдығады.

Йеменде 14 миллион адам таза ауыз суды тұтына алмай отыр. Ауруға шалдыққандарда ауру белгілері айқын көрінбесе де, бірнеше сағаттың ішінде өлімге алып келуі мүмкін.

Йеменнің денсаулық сақтау саласының жағдайы мүшкіл. Медициналық мекемелердің жартысынан астамы жабық. Денсаулық саласында жұмыс істеп жүрген 30 мың маманның жалақы алмағанына бір жыл болды.

«Йеменнің дәрігерлері сұмдық жағдайда жұмыс істеп жатыр. Мыңдаған адам ауруға шалдыққан. Ал ауруханада дәрі, таза су жетіспейді. Дәрігерлер жұмыс істеу үшін оларға жалақы беру керек», – деді ДСҰ директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Ол тырысқақ ауруына шалдыққандардың 99%-ын емдеуге болатынын да айтып өтті.

 

 

Қатысты Мақалалар