Қазақстан қор биржасының таңертеңгілік сессиясы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 332.85 теңгені құрады. 14 тамыздағы сессиямен салыстырғанда ұлттық валюта 0,37 теңгеге нығайды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі kapital.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Астанада айырбастау мекемелерінде АҚШ валютасының максималды сату бағамынан 335 теңге, ал Алматы қаласында 334,5 теңге болған. Сауда-саттық көлемі 74 млн теңгені құрады.