Нью-Йорк тұрғындары Трампқа қарсы наразылық білдірді

/uploads/thumbnail/20170815123255027_small.jpg

Нью-Йорк тұрғындары АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы наразылық танытты. Олар Tramp Tower ғимаратының жанына жиналды. Вирджиния штатындағы қақтығыс салдарынан 30-дан астам адам зардап шекті. Соны негізге ала отырып, Нью-Йорк тұрғындары қарсылық білдірді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі NBS News мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

2017 жылдың 14 тамыз күні, кешке бірнеше мың американдық ел президенті Дональд Трампқа қарсы шықты.

Айта кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын АҚШ-тағы Вирджини университетінде жүздеген нәсілшілдер митинг ұйымдастырған болатын. Митинг нәтижесінде 1 адам көз жұмып, 33 адам жараланды.  Аталмыш оқиғаға Трамп сабырмен жауап қайтарған. Қарсылық танытып отырған көтерілісшілер «Қолыңыз қанға боялды» деп ел президентін кіналап отыр.

Бірнеше уақыт өткен соң полиция қызметкерлері наразылық білдіргендерді ұстады. Нақты айтсақ, 3 адамды қолға түсірді.

Қатысты Мақалалар