Қазақ тілінде сөйлеуді сұрағаны үшін түрік журналисін полицияға әкетті

/uploads/thumbnail/20170815133611345_small.jpg

Әлеуметтік желіде Оғыз Доған есімді түркиялық журналистің Эйр-Астана ұшағындағы жолсеріктен қазақ тілінде қызмет көрсетуді сұраған, алайда оған жауап ретінде жолсерік заң жазылған қағазды ұсынып, полиция шақыратынын айтқан видеосы таралды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бірнеше уақыттан кейін Facebook қолданушысы Оғыз Доғанның полиция бөлімшесінде екенін және оған заңгер қажет екенін жазған. Дәл осы жазбаның астына Эйр-Астананың Facebook-тегі ресми парақшасынан аталмыш оқиғаға қатысты түсініктеме берілетіні жазылған. Әзірге жауап жоқ.

Желі қолданушылары Эйр-Астананы қатаң сынға алып, қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткені үшін полицияға алып кетуді бассыздыққа балап отыр.

Заңгер Камшат Есмұxамбетқызының айтуынша, заң бойынша кез келген азамат қалаған тілінде жауап ала алады.

"ҚР тіл туралы заңның 7-бабына сәйкес, тiлдердiң қолданылуына кедергi келтiруге, Қазақстан Республикасында тiлдiк белгiсi бойынша азаматтардың құқықтарын кемсiтуге жол берiлмейдi. Яғни, кез келген азамат қай тілде ақпарат алғысы келсе, сол тілде жауап алу тиіс. 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тілдерді дамыту туралы заңнамасына сәйкес барша қазақстандықтың тілді меңгеруі қажет екенін айтқан. Ал Оғыз Доғанды полицияға әкеткеніне қатысты оның іс әрекетін анықтаған соң ғана айта аламын. Негізсіз адамдарды ұстап, рейстен қалдыру заңға қайшы", – дейді заңгер. 

 

 

 

Қатысты Мақалалар