АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайға қарсы тергеу жүргізу жайлы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі reuters мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Америка президенті аталмыш жарлықты «Үлкен бір қадам» деп атап, «Бұл – әлі бастамасы» деп атап өтті.
Тергеуді жүргізу АҚШ-тың сауда өкілі Роберт Лайтхайзеруге тапсырылды. Тергеу АҚШ-тың зияткерлік меншігінің құқықтарын Қытайдың бұзуы жайында болмақ.