Роналду әлемдегі ең бай спортшылардың көшін бастады

/uploads/thumbnail/20170815154910945_small.jpg

Жұрттың табысын зерттеп, есептеп отыратын әйгілі Forbes журналы әлемдегі ең ауқатты спортшылардың тізімін жасады. Сол тізімге сүйенетін болсақ, мадридтік "Реалдың" шабуылшысы әлемдегі ең табысы көп спортшы атанды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kz-ке cілтеме дасай отырып.

Forbes журналы өзінің зерттеуінде, спортшылардың бір жылдық табысы мен олардың жарнамадан түскен пайдасын қоса есептепті. Соның қорытындысы бойынша, кеше ғана 5 ойыннан шеттетілген "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду 93 миллион доллар табыспен әл-ауқаты зор деген спортшылардың көшін бастады. 31 жастағы шабуылшы өткен жылы 35 миллион долларын жалақы ретінде алса, 58 миллион кірісін жарнамадан түсірген. 

Екінші сатыда баскетболшы ЛеБрон Джеймс жайғасқан. Оның табысы 86,2 миллион доллар. "Кливленд Кавельер" клубының шабуылшысының жалақысы 55 миллион доллар болса, 32,2 миллион доллар жарнамадан түскен. 

Үздік үштікті каталониялық "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси түйіндеп тұр. Оның жалпы табысы 80 миллион долларды құрады.


Қатысты Мақалалар