Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астана қаласына үш күндік жұмыс сапарымен келген Фиджи Республикасының Премьер-министрі Джосайа Вореке Байнимарамамен кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында экономика, туризм, ғылым және білім берудің түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Екі ел арасындағы экспорттық-импорттық операциялардың мүмкін бағыттары қаралды.
16 тамызда ФР Премьер-министрі Джосайа Вореке Байнимараманың қатысуымен Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде Фиджи Республикасының Ұлттық күнінің ашылуы жоспарланған.