Украина бас прокуратурасы Украина Ұлттық жемқорлыққа қарсы бюросының лауазымды тұлғаларының 2016 жылы АҚШ-тағы президенттік сайлауға араласқаны үшін қылмыстық іс қозғады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Украиналық «Обозреватель» сайтының мәліметіне сүйенсек, жемқорлыққа қарсы бюроның өкілдері АҚШ-тағы сайлау штабының басшысы Пол Манафорттың атына қомақты сомада ақша аударылғаны жөнінде сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін жариялады. Құжатта аталмыш істің заңсыз орындалғаны көрсетілген. Қылмыстық іс Украинаның халықаралық депутаты Андрей Деркачтың бастамасымен ашылды.
Манафортқа ақша аудару туралы қауесет 2016 жылдың мамырында шыққан. Оның Украинадағы жұмысына америкалық баспасөз қызығушылық таныта бастағанда, Манафорт Трамп компаниясының басшылығынан кететіні жөнінде мәлемдеген. Оның айтуынша, заңға қайшы әрекет болмаған.
2017 жылдың тамызында Украина Ұлттық жемқорлыққа қарсы бюросы мен арнайы жемқорлыққа қарсы прокуратураның Манафорт ісін тергеуге өкілеттілігі жоқ екені мәлімделген. 2017 жылдың 25 шілдесінде Дональд Трамп президенттік сайлауға Украинаның араласуы жөнінде тергеу жұмыстарын бастау керек екенін Твиттердегі парақшасына жазған. Президенттің ойынша, украиналық күштер «Клинтонның президент болуы» үшін жұмыс істеген.
Пікір қалдыру