АҚШ Солтүстік Кореямен келіссөз жүргізуге шарттарын мәлімдеді

/uploads/thumbnail/20170816102433073_small.jpg

АҚШ пен келіссөздер жүргізу үшін Солтүстік Корея ядролық қарудан тәуелсіз аумақ құру бойынша ниеті түзу әрі барынша салмақты екенін көрсету керек. Бұл туралы мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хизер Нойерт брифингте мәлімдеген деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Мемлекеттің департамент өкілі Хизер Нойерттың айтуынша, Вашингтон ҚХДР лидері Ким Чен Ынмен «уақыты келгенде» келіссөз жүргізуге ниетті. «Олар өздерінің келіссөз жүргізуге, денуклеаризацияға (ядролық қарудан тәуелсіз аумақ құру) дайын екендіктерін көрсеткенде ғана арада диалог орнайды. Алайда қазіргі уақытта мұндай әрекеттер байқалған жоқ», – дейді ол. Осы орайда департамент өкілі ҚХДР-ға қоятын нақты талаптарын мәлімдеген жоқ.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар