БАҚ: Иран Сирияда қару зауытын салып жатыр

/uploads/thumbnail/20170816141756799_small.jpg

Израиль агенттігінің хабарлауынша, Иран Сирияда алыс радиусты зымыран өндіретін зауыт салып жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аталмыш хабарлама ғарыштан түсірілген Сирияның солтүстік-батысындағы Банияс қаласындағы құрылыстан кейін анықталған. Бұл жерде қаруларды өндіру әрі сақтау орны болмақ деген ақпар таралды.

Бұл туралы біраз күн бұрын Израиль премьер-министрі Биньямин Нетяньяху мәлімдеген.

«Біздің саясатымыз айқын: біз Ирандағы әскердің күшнеюіне түбегейлі қарсымыз. Және Израильдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолымыздан келгенін жасаймыз», - деді Нетаньяху өткен аптада.

Израильдің БАҚ-тың хабарламасына мемлекеттің қарсыласы, әрі Асадты әскери жасақпен қаматамасыз етіп келе жатқан Иран билігі әлі пікір білдіре қойған жоқ.

Қатысты Мақалалар