Орталық коммуникациялар қызметінде Қарағанды және Атырау қалаларында өткізілетін апаттық-құтқару жаттығуына арналған баспасөз конференция ұйымдастырылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Баспасөз конференцияға ҚР ИДМ «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК бас директорының м.а. генерал-майор Диханбек Жанқоразұлы САТЫЛҒАНОВ, бас директорының орынбасары Қанат Әскербекұлы АМАНОВ, Тау-кен және көмір саласының жедел алдын алу жұмыстары жөніндегі басқарма бастығы Сергей Васильевич КРЫСИН, Мұнай-газ және химия саласы жедел-алдын алу жұмыстары жөніндегі басқарма бастығы Мұрат Дулатұлы ҚАЛИТОВ қатысты.
2017 жылғы 21 тамыздан 25 тамыз аралығында «КӘАҚҚ» РМК Қарағанды филиалының оқу-жаттығу полигонында таукен және көмір саласындағы «ІV этапты таукен-құтқару бойынша көпсайысты жарыс» өтеді. Бұл жарысқа Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының құтқарушылары келіп қатысады.
- Оқу-жаттығудың басты мақсаты жедел құрамның авариялық-құтқару операцияларының әдістерін жүргізу және өңдеу тәсілдері арқылы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде дайындық деңгейін көтеру, техногендік сипаттағы ірі ауқымды аварияларды жою кезінде жедел топтардың өзара іс-әрекеттер жасау, сондай-ақ құтқарушылардың жаттығуларын дайындау, - деп атап өтті Диханбек САТЫЛҒАНОВ.
Өз сөзінде Диханбек Сатылғанов жедел ден қою штаттан тыс жағдайдағы және кез келген күрделі аварияны жою жұмыстарына үнемі тәулік бойы әзірлікте 2800-ден астам жоғары білікті кәсіби құтқарушылары, 600 бірлік авариялық-құтқару техникалары, 6700 бірлік арнайы жабдықтары тағайындалғандығын айтты.
Баспасөз конференция барысындағы баяндамасында Сергей КРЫСИН, жарыс шын мәніндегі барынша ақиқатқа жуық шартты мағынада өтетіндігін толықтырып айтты. Жарыс бағдарламасына: шахтаға түсуге дайындық және газдалған ортадан, бөлініп шыққан газдалған қазба қозғалсынан кету іс-шаралары кіреді.
2017 жылғы 28 қыркүйектен 30 қыркүйек аралығында, сондай-ақ Атырау қаласында мұнай газ және химия саласындағы «Атқылама-2017» арнайы-тактикалық аумақтық жаттығу» «КӘАҚҚ» РМК Атырау филиалының оқу-жаттығу полигонында өтеді. Арнайы-тактикалық аумақтық жаттығуына Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау обылыстарынан командалар келіп қатысады. Жаттығу мынадай бірнеше этаптарды: мұнай-газ саласының қауіпті өндірістік объектілеріндегі түрлі техногендік аварияларды жою үшін қажетті күш пен құралдарын көрсетуде жедел топтың көрнекі өнер көрсетуін; құтқарушылардың теориялық білімдері мен дене даярлықтарын тексеру; апатты жоюдағы практикалық операцияларды қамтиды.
- Бұдан басқа, жаттығу аясында авариялық-құтқару жабдықтары мен бөлімшелердің атқыламаға қарсы техникаларының көрмесі көрсетілетін болады,- деді Мұнай-газ және химия саласы жедел-алдын алу жұмыстары жөніндегі басқарма бастығы Мұрат Дулатұлы ҚАЛИТОВ.