Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Астана қаласының сол жағалауына көшеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.
Мемлекеттік кірістер комитетінің жаңғырту басқармасының басшысы Жамбыл Сұрағановтың айтуынша, бұдан былай Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық азаматтық қызметкерлері оң жағалаудағы Қаржы министрлігінің бұрынғы ғимаратына көшпек.
«Біз бұрын әртүрлі ғимараттарда жүретінбіз. Хаттама бойынша экономикалық тергеу қызметі құқық қорғау блогы болғандықтан жеке отыруы керек. Қаржы министрлігі Министрліктер үйіндегі ғимаратқа көшетіндіктен, қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық азаматтық қызметкерлері босаған ғимаратқа көшеді», - деп айтты Жамбыл Сұрағанов.