Апаттық-құтқару қызметінің 3000-ға жуық маманы тәулік бойы жұмыс істейді

/uploads/thumbnail/20170816151924625_small.jpg

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қарағанды және Атырау қалаларында өткізілетін апаттық-құтқару жаттығуына арналған баспасөз конференция өтті. Жиын барысында биыл тамыз айының 21-25 аралығында «КӘАҚҚ» РМК Қарағанды филиалының оқу-жаттығу полигонында таукен және көмір саласындағы «ІV этапты таукен-құтқару бойынша көпсайысты жарыс» өтетіні белгілі болды. Жарысқа Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының құтқарушылары келіп қатысады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Баспасөз конференцияға қатысқан «КӘАҚҚ» ШЖҚ РМК Тау-кен және көмір саласының жедел алдын алу жұмыстары жөніндегі басқарма бастығы  Сергей Крысин, жарыстың әділ өтіп, барлық шарттарының сақталатындығын айтты. Сайыс бағдарламасына: шахтаға түсуге дайындық және газдалған ортадан, бөлініп шыққан газдалған қазба қозғалсынан кету іс-шаралары кіретіндігін атап өтті.

Елімізде апаттық-құтқару қызметінің кез-келген күрделі аварияны жою жұмыстарына тәулігіне әзірлікте 2800-ден астам жоғары білікті кәсіби құтқарушысы, 600 бірлік авариялық-құтқару техникалары және 6700 бірлік арнайы жабдықтары тағайындалған.

ҚР ИДМ «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК бас директорының м.а. генерал-майор Диханбек Сатылғанов:

- Оқу-жаттығудың басты мақсаты жедел құрамның авариялық-құтқару операцияларының әдістерін жүргізу және өңдеу тәсілдері арқылы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде дайындық деңгейін көтеру, техногендік сипаттағы ірі ауқымды аварияларды жою кезінде жедел топтардың өзара іс-әрекеттер жасау, сондай-ақ құтқарушылардың жаттығуларын дайындау, - деді.

Спикерлер 2017 жылғы 28-30 қыркүйек аралығы Атырау қаласында мұнай газ және химия саласындағы «Атқылама-2017» арнайы-тактикалық аумақтық жаттығу» Атырау филиалының оқу-жаттығу полигонында өтетінін мәлімдеді.  Арнайы-тактикалық аумақтық жаттығуына Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау обылыстарынан командалар келіп қатыса алады. 

 

 

Қатысты Мақалалар