Олимпиадаға Қытай, Индонезия, Филиппин, Сингапур және Қазақстан елдерінен 345 жас математик қатысты. Қазақстанның құрама командасы атынан дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 4 оқушысы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша, Астана құрама командасының қоржынында 4 алтын медаль бар. Алтын медальға ие болғандардың бірі – Астана қ. «Бiлім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Құдайберген Әлихан жарыс барысында бәрінен озып, жоғары нәтиже көрсетті.