АҚШ: Иранға ядролық қару ұстауға рұқсат беруге болмайды

/uploads/thumbnail/20170816160857724_small.jpg

БҰҰ-дағы Американың өкілі Никки Хейли Иран президенті Хасан Роуханидің мәлімдемесіне жауап берді. Бұл туралы qamshy.kz ақпарат агенттігі Reuters мәліметіне сүйеніп хабарлайды. Ресми өкілдің айтуынша, Тегеранға яролық қару ұстауға рұқсат беруге болмайды.

Еске сала кетсек, біраз уақыт бұрын Роухани егер АҚШ тағы да санкция енгізер болса, ядролық келісім бағдарламасынан шығатынын мәлімдеді.

«Бүкіл әлемді қол астында  ұстап тұру үшін Иранға ядролық қаруды беруге болмайды» деді Хейли өзінің мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, Хейли Иранды зымыран ұшырғаны үшін, терроризмді қолдағаны үшін, адам құқығын бұзғаны үшін жазалауды жалғастыру керек екендігін мәлімдеді.

Қатысты Мақалалар