Алматы облысында 25 жастағы жігітті ұрлаған 4 адам ұсталды

/uploads/thumbnail/20170816154754779_small.jpg
Қапшағайға жақын маңда адамды көлікпен ұрлап әкетпек болған төрт ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
15 тамызға қараған түні жол-патрульдік полиция қызметкерлері Алматы-Өскемен тас жолында Daewoo Nexia көлігін тоқтатады. Жүргізушінің әрекеті бір түрлі көрінген соң, полицейлер көлікті тексеріп, жүк салғыштан соққыға жығылған ер адамды табады. Қосымша күш шақырып, патрульдік полицейлер төрт адамды ұстайды да, Қапшағай ІІБ-не жеткізеді.
 
"Ұсталғандар Жамбыл облысында тұрады, Алматыда жалдамалы жұмыспен айналысады екен. Зардап шегуші 25 жастағы Бақанас ауылының тұрғыны, ол ұсталғандардың танысы болып шықты. Олар жігітті ұрлық жасады деп күдіктенген. Яғни, ұсталғандар жәбірленушіні жүксалғышқа салып, Алматыдан алып кетіп, әрі қарай мәселенің басын ашпақ болған", — деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
 
Ұсталғандар қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Қатысты Мақалалар