Португалияда 12 адам құлаған ағаштың астында қалды

/uploads/thumbnail/20170816153954426_small.jpg

Португалияның Мадейра аралында 12 адам құлаған ағаштың астында қалып мерт болды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі amic.ru мәліметіне сүйенііп хабарлайды. Тағы 35-і жарақаттанған.

Құлаған ағаш – екі жүз жыл бойы өсіп тұрған алып емен. Оқиға Фуншал қаласындағы діни мейрам кезінде болған.

Деректер бойынша, ағаш майшам сататын дүңгіршекке құлаған. Зардап шеккендердің арасында кішкентай балалар да бар. Олардың көпшілігінің бас сүйегіне зақым келіп, милары шайқалған.

Қатысты Мақалалар