Венесуэлада түрмеде бүлік шығып 37 адам қаза тапты

/uploads/thumbnail/20170817134547915_small.jpg

Венесуэланың Пуэрто-Аякучо қаласындағы түрмеде бүлік шығып, 37 тұтқын қаза тапты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Nacional мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Оқиға абақтыны бақылауға алу мақсатында жүргізілген арнайы операция кезінде болған. Қамаудағылар сарбаздарға қарулы қарсылық көрсетіп, оның соңы кескілескен ұрысқа ұласқан. Жауынгерлер абақтыны бақылауға алғанымен, 14 сарбаз жараланды. Ал оқиға кезінде түрмеде 105 адам болған. Әзірге бүлітің неден шыққаны белгісіз. Венесуэла прокуратурасы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастады.

Қатысты Мақалалар