«Әйел» сөзі жезөкше деген мағынаны бере ме?

/uploads/thumbnail/20170831131748610_small.jpg

Cұрақ: "Бір сайтта "Қатыным" дегенге қуаныңыздар, қатындар" деген мақала шығып, онда қатын сөзінің сөкет еместігін айта келіп, "Әйел" сөзі парсыша жезөкше деген мағынаны білдіреді деп жазылыпты. Онда былай делінген: «Ал қазір "әйел" деген сөзді әспеттейтін болдық. Көбіміз әлі күнге "қатыннан" қашып, "әйелді" ардақтап жүрміз. "Әйел" парсы тілінен енген "әййәл" – сайқал, жезөкше деген мағынаны білдіретін сөз. Естуімізше, әйел сөзі парсыдан бұрын арабтың عيال сөзінен шығатын сияқты еді. Оқырманды әрі-сәрі етіп қойған осы ұшқалақтау пікірдің мән-жайын түсіндіріп айтып өтсеңіз. «Қатын» деген дұрыс па, әлде «әйел» деген жөн бе? Шариғатта қалай?" – деп есімін жасырған желі қолданушысы сұрақ жолдады деп жазады ihsan.kz.

Құрметті сауал жолдаушы, біріншіден, «әйел» сөзінің (ор.женщина) парсы тіліндегі баламасы - «زن (zæn)» немесе «خانم (Хоным)». Хоным деп, көбінесе өте сыйлы әйелдерге қарасты айтылады. 

Екіншіден, қазақ тіліндегі «әйел» сөзінің негізі парсыдағы «عيال (Йиәәл)» сөзінен шыққан деген күннің өзінде (Қ.Т.Ә. сөздігінде парсы тілінен енген делінген [иран. ع" ,[1]([«عيال ол сөз - парсы тілінде «жезөкше» дегенді емес, «жұбайым» деген мағынаны білдіреді[2]. Ал жезөкшені парсы тілінде «فاحشه (фахиша)» деп атайды. Сондықтан да, әйел сөзінің түпкі мағынасын «сайқал», «жезөкше» дегенге саяды деу бекершілік.

Оның үстіне, «عيال (Йиәәл)» сөзінің өзі парсы тіліне арапшадан енген. Ол – арабшадағы «عَيِّلٌ» сөзінің көпше түріндегі нұсқасы (عِيَالٌ). Араб тіліндегі түпкі мағынасы: "Отағасының қарауындағы отбасы мүшелері"[3]. 

Ендеше, «әйел» сөзінің шыққан жерін қазбалайтын болсақ, оның түбі фариси емес, араби тілге барып табан тірейді екен. Дегенмен, екі тілдің қайсысына тиесілі етсек те, сұрақта көрсетілген ұғымдарды білдірмейді.

[1] Қазақ тілінің әмбебап сөздігі: "әйел" [иран. عيال].

[2] http://www.almaany.com/ar/dict/fa-ar/ عيال

[3] Доктор Мұхаммед Нуруддин: «Муъжамуль алфазуль арабия филь луғатиль фарисия  (Парсы тіліне енген арапша сөздер сөздігі)».

Абдусамат Қасым

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар