АҚШ-тың ДАИШ-пен байланысы бар екені мәлімделді

/uploads/thumbnail/20170831130404448_small.jpg

Ат-танф америкалық базасында дайындық жүргізіп жатқан жауынгерлер АҚШ билігінің бұйрығымен ДАИШ террористік ұйымына қару сатқан. Бұл туралы Сирия секторының қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы Мухаммад Ассалам мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі.

«АҚШ тарапынан жасырын қолдау ДАИШ ұйымына қару сату арқылы жүріп отырған. Бұл туралы ақпарды естіген соң америкалықтарға айттық. Олар өз кезегінде қолдауларын одан сайын үдете түсті. Америкалық қару-жарақ, көліктер, М-16 винтовкаларын сатты. Соңғы тексеру барысында америкалықтарда 4,7 винтовка кем шыққан», – деді Ассалам РИА Новости порталына берген сұхбатында.

Ассалам америкалық әскери базаның құрамына да тоқталып өтті. Оның айтуынша, Ат-Танф базасында ДАИШ-қа қарсы күресетін сириялықтар бар, сонымен бірге сириялық әскерге қарсы шабуылдауға дайын әскерлер де жетерлік.

Сондай-ақ, америкалық қолдау жайынан бөлек АҚШ-тың әскери қызметкерлері бейбіт тұрғындарға ешқандай көңіл бөлмейтінін атап өтті. Ат-Танф базасы босқындар лагерінен 20 шақырым қашықтықта орналасады. Соған қарамастан әскери база территориясын 100-ге жуық адам тастап, үкімет тарапынан бақыланатын аймақтарға өтіп кеткен.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар