Өнер әлемі – бұл біздің әлеміміздегі ең құнды дүние. Рухани кемелдік пен мәдени өсуге ықпал ететін бірден-бір орын – театр. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады. Өзінің көпғасырлық тарихына қарамастан, театр ешқащан өзінің маңыздылығын жоғалтқан емес. Рухани тұрғыда емес материалдық тұрғыда байуды көп көздейтін қазіргі қоғамда театрсүйер қауым аз емес. Бірақ, соған қарамастан, біздің өмірімізде театрға баруға кедергі келтіретін факторлардың қатары туындайды.
Біріншіден, бұл түрлі бұқаралық ақпарат құралдары (ғаламтор, үйдегі теледидар және тағы басқалар). Бұл факторлар театрдың дамуына анау айтқандай көп әсер етпейді, керісінше, оның құлдырауына әкеліп соғады. Десек те, жоғарыда аталғандар, керек десеңіз, театрды лайықты түрде ауыстыра да алмайды, сонысына қарамастан, бірқатар адамдар көңіл көтерудің дәл осындай түрін қалап жатады. Мүмкін, бұл бейберекеттік шығар, сол үшін де ол аз уақыт пен машақатты қажет етеді, өйткені, қалағаныңды үйден шықпай-ақ көруіңе болады.
Екіншіден, бұл театр әдетте өз заманының озық идеяларын бойына сіңіре отырып, ізгілік мұраттарын паш еткенде, ең бастысы адамның өмірлік және рухани ой-мақсаттары мен күрделі ішкі жан дүниесін терең де шынайы ашып бейнелегенде ғана көрермен көңілінен орын алады. Алайда кейбір театрлар заманауилыққа анағұрлым бейімделу үстінде, сондықтан да, бізге қажет десеңіз, дәстүрлі емес лексиканы, мәдениеттің жоқтығын естуімізге тура келіп жатады. Театрлар көрермендеріне барынша жеңіл, ессіз қойылымдарды жиірек ұсынуға құмар, сол үшін де театр жақсы театрлық қойылымдарды таңдай білетін жұртты жоғалтып алуы мүмкін.
Үшіншіден, бұл театрға бару үшін ерекше икемділік қажет. Бірақ, мұндай әрекеттердің сыртында тағы да, уақыттың жетіспеушілігі, байсалды нәрсе жайында ойлануға ниеттің жоқтығы, азғантай ғана білімнің деңгейі және сол секілді басқа да жағымсыз жағдайлар жетіп артылады. Мұның бәрі де қойылымды тамашалау барысында анық байқалады, тіпті болмағанда ол түсініксіз көрініп, қойылымды жасаушылар көрермендерге жеткізгісі келген көңіл-күйлер олардың жан-дүниесінің қылын қозғай алмайды. Сондықтан да, осындай жағдайға тап болмас үшін, театрға баруды көңіл көтеру мақсатында емес, ойланып жүзеге асырған дұрыс.
Театр өз өміріміз жайында ойланып, сезінуге мүмкіндік береді, сырттай өзімізге нық көзқарас алуға, біздің құндылықтарымызды, біздің жүріс-тұрысымызды қайта қарауға шақырады. Анағұрлым нәтижелі өмірге жол ашатын көптеген дүниелерді ұғынуды дамытады. Мәселен, отбасын ойран ететін отбасылық ас үстіндегі кескілескен шайқас туралы оқиғаны дұрыс түсінуге, мұндайды болдырмауға итермелейді.Рухани азық алуға келген көрермендер театр сахнасында өтіп жатқан оқиға әрекет пен оған қатысушы-қаһармандардың ой-арманына, сүйініші мен күйінішіне, жалпы тіршілік-тынысына бейжай немқұрайлы емес, қайта бар ынта-зейінімен қарайды, яғни олар осы сәтте сахналық өмір көріністерінің салқынқанды бақылаушысынан гөрі тікелей қатысушысы ретінде бой көрсетеді. Көрермендер мен қойылымды қоюшылардың арасында күнделікті өмірден бұра тартып, күлдіргі оқиғалар мен әдемі пайымдаулар, жоғары дәрежедегі қарым-қатынас секілді қандай да бір ерекше байланыс орнайды. Қойылымның жетістігі – көрерменінің көп болуы. Өйткені, өресі биік көрерменге ой салар жер осы.
Театрға не үшін баруға болады деген сұраққа жауап қарапайым: адамдық түйсікті көтереді, адамдарды біріктіреді, білім мен әдеби көкжиекті кеңейтеді, өз өміріміз жайында ойланып, сезінуге әсер етеді.
Таңшолпан Ғазизқызы