Биыл жарияланған рухани жаңғыруды іске асыруға бюджеттен қаржы бөлініп, оның жұмысы басталып кетті. Бұл жаңғырудың қоғамға қажеттілігі қандай? Ол қоғамды жан-жақты жаңғырта алады ма?! Бұл бағдарлама іске асу үшін қоғамда қандай өзгерістер іске асуы керек?
І. Бүгінгі қоғам және рухани жаңғырудың алғышарттары:
- Рухани жаңғыруды саяси тілмен айтқанда мемлекет идеологиясының ұлттық идеясы деп қарастыру керек. Мемлекеттің идеологиясы оның құрылымының негізінде қалыптасады. 1992 жылы Қазақстанды БҰҰ-на қабылдағанда, оған «... авторитарлық режимдегі ұлттық мемлекет» деген анықтама берілген яғни ҚР рухани жаңғыруының негізі мемлекет құрушы қазақ халқының мәдениеті немесе өркениеті болып табылады;
- Ел идеологиясы, ұлттық мемлекеттің негізінде іске асады. Еуропада Швейцария конфедерациясынан басқа мемлекеттердің барлығы, әлем елдерінің 75%-дан астамы ұлттық мемлекеттер. Бірақ, ҚР осы уақытқа дейінгі идеологияның айналасындағы негізгі мәселелер қазақ ұлттық санасының қалыптасуына қарсы әрекеттер (1994 және 2016ж мемлекеттік тілге қарсы белгілі кәсіпкерлердің акциялары, 2009-2010жж ҚХА атынан дайындалған «Доктрина...» т.б.) және «американдық ұлтқа» т.б. еліктеулермен ерекшеленсе, дін саласында дүниедегі 3725 секта мен ағымдарды (оның ішінде АҚШ Орталық Барлау Басқармасы экстремистік деген оннан аса секта) ресми тіркеді. Сонымен қатар, «Мәдени мұра» сияқты адамзат мұрасын қазақ оқырмандарына жеткізу жобасы іске асты. Жалпы алғанда, соңғы кездегі рухани жұмыстар тәуелсіздік пен коммунизм елесінің арасындағы бұлыңғыр сағымға ерген саясат еді. Себебі, әлі күнге дейін мемлекеттің саясаты қазақ халқының құндылықтарына сүйеніп, сол арқылы дамымағандықтан, ол тұғыры жоқ яғни болашағы да түсініксіз ел болып қалуда;
- Соңғы экономикалық дағдарысқа дейін билік, «біз алдымен экономиканы дамытамыз, содан кейін басқа салаларды қолға аламыз...» деді. Экономиканың дамуы, қысқа мерзімге басқа салаларды жетектейтін локомотив болуы мүмкін, бірақ оның біржақты дамуы мүмкін емес.
- Құлаған империяның орнына оның құндылықтарының негізінде жаңа мемлекет құру тарихта болмаған. Сондықтан, елге 27 млн халықты аштық, репрессиямен қырған «халықтар достығының лабораториясы», «Кеңес халқын құру», коммунистік мораль... емес, тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалайтын жаңа құндылықтар яғни Қазақ халқының ұлттық дүниетанымы, тілі, ділі, дәстүрі, моралі, философиясы, өнері, білім мен ғылымы яғни мәдениеті (өркениеті) негізінде ғана дамығанда ол мәңгі мемлекетке айналады. Рухани жаңғырудың міндеті, - ол мемлекеттің іргетасын қалайтын ұлттың құндылықтарын жүйелеп, оларды қоғам дамуының механизмдері немесе идеологиясы етіп ендіру;
- Мәңгі елдің негізгі ұстанымдары, «Бір тіл, Бір дін, Бір мораль, Бір мемлекет»;
- Авторитарлық қоғамда рухани жаңғыру болмайтыны да белгілі. Ондай, билікті зорлап ұстап тұруға негізделген режимдер мемлекетті дағдарысқа әкеледі. Ол «азиялық деспотизм», коррупция, адамның құқығын бұзу, билік үшін қантөгіс... арты араб т.б. дамушы елдеріндегідей төңкеріске әкеледі. Бұл, мемлекеттік құрылымы заман талабына сай емес, ортағасырлық құндылықтарға негізделеген құбылыс. Сондықтан, ол елдерде мүмкін Сингапур, Малайзия т.б. Азияның елдеріндегі сияқты экономика белгілі дәрежеде дамуы мүмкін, бірақ рухани жаңғырудың болуы екіталай. Себебі, тұрғындары тордағы тотыдай жағдайда болған яғни демократиялық емес, «азиядағы деспотизмнің» заманауи формасы іске асқан қоғамда адам құқығын сақтау, демократиялық ұстаным т.б. адамзаттың түпкілікті жетістіктері іске аспайды. Экономика дамуында «Азия жолбарыстарынан» үлгі алып жатқан Қазақстан Ле Куан Ю-дың диктатор болғанын, Малайзия да авторитарлық монархия екенін, 250 млндай халқы бар Индонезияның негізгі байлығын, осы елдің бұрынғы президенті Сухартаның семьясы, жеті баласымен жекешелендіріп алып Қытайға сатып жібергеннен кейін, қазір бұл елдің қаржы секторының 70 пайыздан астамын және Вьетнам, Филиппин, Тайвань т.б. көршілерінің қаржы саласының 52-84%-ын күншығыс елі бақылайтынын білу керек. Бұл, ҚР мен Орта Азия республикалары экономикада тәуелсіз саясат жүргізбесе, оларды да осындай тағдыр (әрине Тибет пен шығыс Түркістанның да болып кетуі ғажап емес) күтіп тұрғанын көрсетеді.
Қытайда да АДАМ, оның құқығы, қоғамның ашықтығы, демократия... сияқты Батыстан келген адамзатқа ортақ құндылықтар аяқасты болып қалуда. Оған, тілдері, мәдениеттері мен бостандықтарынан айырылып жатқан Тибет, Шығыс Түркістан халықтарының тағдыры немесе сол елдің түрмесінде 41 жыл отырған Қажығұмар Шабданұлы мен сол түрмеден рак ауыруымен шыққан Нобель лауреаты т.б. дәлел. Рухани жаңғыруға кіріскенде біз «азияның бұл ерекшеліктерін» де ескеруіміз қажет;
- Рухани жаңғыру алдымен отарлау мен тоталитарлық режим кезінен қалған құлдық санадан арылып, азат қоғамға апаратын мәселелерді шешуі керек. Олар:
А. ХХғ. 20-30-шы жылдары халықты аштықтан жаппай қырған мен репрессияға саяси баға беріп, тарихтың сол қайғылы сабақтары негізінде жаңа қоғамның тұжырымдамасын дайындау;
Ә. Отарлау және тоталитаризм кезінде енген жер, су, елді мекендер, көше т.б. аттарын тарихи атаулармен өзгерту;
Б. Адамның аты мен тегі оның тағдырын анықтайтыны белгілі. Сондықтан, қазақтар тектеріндегі –ов, -ев... сияқты отарлық кезде таңған құлдың таңбасынан құтылып, Ата салты бойынша қалыптасқан және халықаралық деңгейде қабылданған, мысалы Асан (аты), Үсенұлы (әкесінің аты не тегі), Абылай (тегі) аты-жөнін жазуға көшу керек. Осы норманы Қазақстан территориясындағы барлық оқу орындары, Ұлттық компаниялар, мемлекеттік мекемелер талап етулері қажет;
В. Ақпарат дәуірінде, ондағы мемлекеттік тілдің үлесінің 20-25%-ды құрауы мемлекеттік институттардың қоғамдағы рөлінің соншалықты деңгейде екенін көрсетеді. Президенттің жолдауларының орындалуы мен Үкіметтің ел экономикасын (75-80% шетелдік компанияларда) басқаруы да осы деңгейде. Рухани жаңғырудың да орындалуы осы деңгейден аспас. Себебі телеарналар, газет-жорнал т.б. БАҚ әртүрлі жеке адамдардың (оның ішінде шетелдің азаматтарының) қолында. Ғаламторда да мемлекет «Kz-ті» өлі контентке айналдырды. Mail.ru Қазақстан ақпарат кеңістігінің негізіне айналды. Интернеттен түсетін бар қаржы Ресейге кетуде. Бізде әлі күнге мемлекеттің ақпарат қауіпсіздігі ұғымы қалыптаспаған. Қазақстандықтардың 80%-ға жуығы Ресейдің телеарналарын қараса, оның ішінде Астанадағы Риксис т.б. қонақүйлер мен Көкшетау санаторийлары т.б. орталық, солтүстік және шығыстың көптеген көпшілік орындарда ҚР Ұлттық телеарналарын мүлдем көрсетпейді. Бұл телеарналарды қазақтар шоғырланған РФ, ҚХР, Өзбекстанда да көрсетпейді. Астанада қазақша газеттер сататын жалғыз дүңгіршек Артем супермаркетінің жанында. Елде сатылатын, кітап, жорнал, газеттердің 85-90% орыс тілінде. Ал, осындай жағдайда рухани жаңғырумен аударылатын 100 оқулық теңіздегі тамшыдай болып қалмақ.
Халықаралық Адам институтының 2012-2013жж сараптамалары елде 4 мыңнан астам әртүрлі саланы қамтыған кітаптар-жорналдарды аудару көзделген: а). 50 сала бойынша 800 энциклопедия және ә). сонша том оқулықтар; б). 400 том әлем әлем және түрік әдебиетінің аудармалары, в). Nature, Sceinse т.б. 50 ғылыми-техникалық жорнал т.б.
Электрондық аударманың сапасын арттыру ақпаратты тез алып, тиімді пайдалануға септігін тигізетіндіктен, барлық салада цифрлы технологияны енгізіп, электрондық оқулықтар мен қашықтықтан оқытуды дамыту қажет.Рухани жаңғыру 4-ші өнеркәсіп революциясына сай болғанда ғана қоғамға пайдалы, өміршең болады. Адамзат алғашқы қауымдықтағы сакральдық әлем, голографиялық әлемге бара жатқанын түсіну керек.
Ақпарат саласында мемлекеттік мүдде жоқтың қасы. Ол жоқ жерде қоғам дегенің қытай тауарын сататын және өзі де сатылуға аукционға қойылған резервация-барахолкаға айналады. Ғылым мен өнерің, моралің мен ар-намысың, ана тілің мен заңдарың, рухың мен ел мүддесі... барлығы сол базарда сатылады?! Қасиеттен айырылған бұндай қоғамда ар мен тек сатылып, рух өледі. Бұл, Ә.Кердерінің, «ұры-қары жиналып, ұлағатты ел болмас» дегеніндегі мемлекеттің мақсат-міндеттерін түсінбейтіндер немесе алаяқтар басқарған қоғамда болатын құбылыс;
Г. Парламенті, Үкіметті, дипломатиясы... билігі мемлекеттік тілде сөйлеп, заңдар т.б. сол тілде шығармайтын әлемде екі ел бар. Оның біреуі Перу, екіншісі Қазақстан. Мемлекеттер тарихындағы бұл нонсенстың бірнеше себептері бар. Олар, Дж. Нерудің, «бұрын отарлаушылардан зәбір көргендер билікке келсе, олар елдің рухын көтеріп, оны тәуелсіз ете алмайды...» дегені немесе К.Маркс айтқан: «Тұрып жатқан елдің тілін қонақ, нақұрыс немесе өз тілін зорлықпен ендіретін отарлаушы білмеуі мүмкін», не Б.Наполеонның, «Бір елді аздыру үшін бір нақұрыс жеткілікті» дегендері. Сонда осының қайсысы билік, қайсысы халық? Мемлекеттік ұстанымдардың негізін сақтай алмайтын қоғамда тәртіп, заңға бағыну, шенеуніктердің ар-намыс кодексін сақтауы, биліктің қайнар көзі халыққа қызмет ету т.б. орындалмайтыны сияқты, рухани жаңғырудың да іске асуы екіталай?! «Егер қорқау қасқырларды бір арыстан билесе, белгілі уақыттан кейін барлығы арыстанға ұқсай бастайды. Ал, егер арыстандарды қорқау қасқыр басқарса, белгілі уақыттан кейін арыстандар қорқауларға айналады», дейді шығыс тәмсілі. Бұл қоғам қайсысына ұқсап барады?!
Ұлтына жаны ашитын әр азаматты немқұрайлы қалдырмайтын бұл мәселенің шешімі үшін «боданнан туған құл немесе құлдан туған жетесіз ұлдан» басқаның бәрі күресуі керек.
Д. Өнер мен саяси құрылым. XV-XVII ғғ. Батыс Еуропадағы ренессанс бейнелеу мен сәулет өнердерінен басталған еді. Осы Ұлы ренессанс қазіргі дәуірдегі адамзаттың өмір сүру нормасына айналған өнер мен әдебиет, білім мен техникалық революция, либерализм мен демократия... адам мен қоғам дамуының барлық саласына әсер етті. Бүгінге дейін жалғасып келе жатқан гуманизмнің тоқырауы да сол кезде басталды. Бүгінгі қоғам дамуын капитализм де, коммунизм де қанағаттандыра алмауда. Гуманизм идеясымен қаруланып заманауи жаңғыру арқылы дамитын қоғамның болашағы зор болады. Тәуелсіздікті жабайы капитализмге өтуден бастаған Қазақстанда нарықты – базар деп, экономиканы – жер асты байлығын шетелдік компанияларға басқаруға беру не сату деп, шағын бизнесті - алып-сату деп, мемлекетті – жеке серіктестік деп, дінді – қаптаған секталар деп, білімді - диплом сату деп, Ұлттық сананы – «қазақстандық» сана деп... түсінген қоғам, тіпті адами құндылықтардың көбінен айырылып, моральдық деградацияға ұшырауда. Бұл, қоғамның моральдық тоқырау, рухани сергелдең кезеңі болды. Қазақ әлі күнге ұлттық идеясын (мұратын) айқындамағандықтан бұл рухани жаңғыру коммунизм мен космополитизмнің арасындағы тұғырсыз, формасы да анықталмаған, басқа елдердің жетістіктерін терең сараламай енгізуге тырысқан, жалпылама ойлардың жиынтығы болып қалуда. Қазақ елінің экономика, құқық, білім, ғылым, мәдениеті, компаниядан бастап елді басқару жүйесіне дейінгі барлық саладағы реформалары мен жаңғырулары ұлттың менталитетіне негізделгенде ғана өз жемісін береді. Себебі, ұлттық код дегеніміз сол ұлттың тілі, ділі, дәстүрі, мәдениетінен тұратын оның менталитеті мен мінезі.
Ж. Әдебиет пен тарих. Оның ішінде көшпенділік кездегі тарихи негізбен жазылып, «әлемге адамзат қайғысын түсіндіре білген» (М.Вебер), эпостық батырлар жырларының жас ұрпақтың рухын көтерудегі маңызы зор. Ол мыңжылдар бойы дәлелденген аксиома. Б.д.д. І мыңж. - б.д. XIVғ. арасындағы Сақ, ғұн, Ұлы түрк қағанаттары, Алтын Орда кездеріндегі эпостық дәуірде түріктер бір жағы Корей түбегінен бастап (Түрк қағанаты) Атлант мұхитына (Еуропадағы ғұн патшалығы), екінші жағы кедарит-ақ ғұндер Құшан патшалығын құрып (Үндістан, Ауған, ОА, Қытайды Тұрпанға дейін 5 ғасыр биледі) мен Египеттен (Мәмлүктер мемлекеті) Балтық жағалауынан Сібірге дейінгі кеңістікте мемлекеттер құрды. «Ұлы дала» терминінің авторы, атақты француз тарихшысы Рене Груссе сол ІІ мыңжылдық уақытты «Дала империялары» дәуірі, ал еуропалықтар ғұн патшасы Аттиланы (Еділ) «Құдайдың қамшысы» деп атады. Г. Киссенжер, «Қазақстан өркениеттер тоғысы», дегенде сол кездегі Ұлы даланың өркениеттердің отаны болғанын айтып отыр.
Ұлы Отан соғысы кезінде халықтың рухын көтеру үшін орта және ЖОО бағдарламаларына батырлар жырларын енгізіп, айтысты дамытты және Құрманғазы оркестрін ашып күйді өркендетті. Бүгінде де рухани жаңғырудың негізі, бұл пәндерді барлық оқу орындарына енгізу болып табылады.
З. Тарихтың сабақтары. Әлемде тарихын мақтан тұтатын бес халық болса, соның бірі Қазақ. «Ұлтымыздың тарихы – ол бүгінгі Қазақ елінің Анасы, болашағының Атасы» деп түсінгенде өткенінен сабақ алып, бүгін бәсекелес қоғам және болашаққа сеніммен қарайтын боламыз.
Барлық адамға кванттық физика не биотехнологияны білу міндет болмас. Ал, тарихты білмейтіндер бір қоғамдағы басқа ұлт өкілдерін, мысалы тегі бір қазақ пен казактар бір-бірін көп жағдайда жау санайды. Соғыста қансыраған казакка славяндардың қанын құйғанда үйлеспей, қазақтың қанынан жазылғаны олардың тектерінің бір екенін көрсетеді. 1812ж соғысқа аттанған Дон казактарының туында Ай мен Крест белгіленген яғни олардың жартысы мұсылман болғаны. М.Шолохов күнделігінде әкесінің ашуланған кезде түрікше сөйлейтінін айтып, «Қазақ пен казак бір туған. Тарихты білу керек...» деген еді. Бұл, күні кешегі, көпшілікке белгілі, бірақ қоғамда жан-жақты зерттеліп, айтылмағаннан кейін этносаралық күрделі мәселеге айналуы мүмкін мәселе болып қалуда.
Келесі мәселе, – ол соңғы жылдары 9 мамыр кезінде көпшілікке бұқаның алдындағы «қызыл шүберек» болып көрінетін Георгий лентасы. Оның қысқаша тарихы мынадай: Тәңірдің ұлы Кедерден (Қызыр бабамыз, Гесер... әр халық өзінше атайды) Түрік халықтары тарайды. Кедерді христиан әлемінде Джордан, Георгий деп атайды. Кедер адамзатқа келе жатқан зұлымдық айдаһарды өлтіріп өзі көптеген халықтардың мәңгілік символы болып қалды.
Кедердің тікелей ұрпақтары қазақтың кердері руы, қарақалпақтың мойтүн руы, ұлы жүздің ішіндегі қырықру екендерін Веселовский, Тынышбаев, Артамонов, акад Толстов, Мұрат Аджилер зерттеп жазды. Кедердің жерленген жері Дербент, Иерусалимдер сияқты қасиетті болып саналады. Б.д.д. VI-IIғғ Қытайды билеп, салық төлеткен Ұлы иозылар, б.д.д. І ғ. мен б.д. V ғ. дейінгі Үндістан, Ауған, ОА, Қытайда Тұрпанға дейінгі жерде Құшан патшалығын, б.д. 419 ж Кердері мемлекетін құрды. Арал теңізі мың жылдай Кердері теңізі аталды. Фараб округының астанасы Кердері қаласы (араб саяхатшылары Хордадбек пен Ибн Баттута Сырда, Амударияда сол атпен қала болды. Көне Хорезмді солар салған.
Ал, араб және Израиль ғалымдарының соңғы деректерінде Кедерді Исмаилдың екінші баласы, Мұхамед пайғамбардың (ғ.с.) бабасы Аднанды 6-шы баласы дейді. Пайғамбар (ғ.с.) өз шежіресін 21 атасы Исмаилдан бастайды. Сол шежіреде Исмаильдың 41 атасы Адам дейді. Көне Інжілде Кедерге бір бөлім арналған. Онда арабтың атақты Құрайыш тайпасы Кедерден тараған және олар Меккені салған деп жазылған. Афина мен Стамбұл қалаларының жандарынан Кедер атты екі өзен ағып жатыр. Амазонка патшалары, көне Парсы патшалары Кир, Дарий т.б. бастарына киген тәждері Кедарис деп аталған. Бұл көне тарих болса, 1860-шы жылдары орыс-түрік соғысында Ресей патшасы христиандарға тараған Кедер яғни Георгий ордені мен лентасын тағанындайды. Ол орденнің толық кавалері (батырға тең атақты) қазақтан Жәңгір ханның ұлы инфантилия генералы Ғұбайдолла Жәңгіров Плевна қаласын түріктерден азат еткені үшін алды. Оның суреті (портреті) Кремльде тұр. Георгий ордені Ұлы Отан соғысында жеңістің бір символына айналды. 2008ж. бастап сол соғысты дәріптеу мақсатында В.Путин ТМД елдері ардагерлері арасына осы лентаны таратты. Бірақ, бұл лента Қазақстанда отарлаудың символындай болып, ұлтаралық наразылықтың көзіне айналуда. Бұл көбіне тарихты жан-жақты білмегеннен болса, екіншіден Ресей ішіндегі лентаны арнайы лұқсатсыз біздің елге тарату «жыртық үйдің де иесі болатынын ескермеу» болуда.
Сол соғысқа қатысқан 630 мыңдай қазақстандықтың жартысы қайтпады. Алматыдан барған Панфилов дивизиясының 28 батыры Москвада жауды тоқтатса, Р. Қошқарбаев алғашқы болып Рейхстагқа ту тікті, Сталинградты қорғаған батырлардың ішінде Абдіров Нүркен 1-ші болып жазылған, Әлияның атына Москва мен Петерборда өзі оқыған мектеп пен атқыштар училищесінің аттары берілді... Сол соғыстағы қазақ батырларының саны ҚСРО халықтарының ішінде орыс пен украиннан кейін 3-ші орында.
Георгий ордені мен лентасының тарихы осындай. Біз мәңгіліктің символына айналған ұлы бабаларымыз Кедер немесе Қызыр (лентаға қатыссыз) мақтануымыз керек. Бұл әлемге тарап жатқан түркі (қазақ) идеясы. Ондай бабаларымыздың ішінде адамзат тарихында теңдесі жоқ тұлғалар-ғұн империясын құрған Мөде қаған, Білге, Күлтегін, Тоныкөк (тарихшылар Бисмаркті екінші Тоныкөк дейді), Аттила, әл-Фараби, Қорқыт, Бейбарыс, Шыңғысхан, Бату, Бабыр т.б. бар. Олардың атақтарын немесе аруақтарын өздеріне иемдену үшін басқа халықтарды таласуы заңды құбылыс. Бірақ, түп-тамыры түркінің тұлғаларын ешкім толығымен иемденіп кетпейді. Мысалы, Аттила туралы батыста мыңнан астам кітап, Вердидің операсы, Рафаэль оның суретін Ватикан шіркеуінің күмбезіне, Римдегі Колизейде тасқа қажап салды т.б. 2012 ж Ө.Байгелді, Х.Ғабжәлелов, Ө,Қопабаев, Е.Омаров, Қ.Жұмағұлов, Ғ.Жәкей, К.Сәрекен т.б. бір топ ғалымдар Париждің жанында Шепп қаласында Аттила музейі мен ескерткішін ашуға барғанда француздар Аттиланы ғұн, түрік, оның ішінде қазақ екенін бізге дәлелдеді. Ол жерге бізден бұрын Монғолияның елшісі барып түнеп, белгі қалдырған...
Аттила үшін 16 ғасыр таластан кейін ақиқат дәлелденді.
Бұл жерде соңғы кезде көп талас тудырған Шыңғысхан мәселесі туындайды. Ол туралы да таласып, саясатқа айналдырудың қажеті жоқ. Түркілер мен монғұлдар өздерін көне ғұндардың ұрпағымыз дейді. Басқасы тарих үшін қызық емес, Бұл мүмкін, Сталин мен Маоцзедунның сыртымыздан келісіп Шығыс Түркістан мен Монғолияны бөліп алғанын қайталау саясаты болуы болар?! Шеттен келген көптеген саяхатшылар мен ғалымдардың қазақ пен монғолды жойылып бара жатқан халықтар қатарына жатқызуы тегін болмас. Ол үшін арамызға бір от тастаса жеткілікті. Бірақ, өмірде бір ақиқат бар. Ол көбіне кеш келіп жатады.
Жоғарыдағы ұлы бабаларымыздың рухтары мәңгі болғандықтан, оларға уақыттың әмірі жүрмейді.. Ал, біздің мақсатымыз төл тарихымызды терең, әрі жан-жақты зерттеп, түгендеу. Тарихты түгендеу - ол болашағымыздың мәңгі болуын қамтамасыз ету. Біздің тарихты ЖОО бағдарламаларынан алып тастап, тарих 1991ж басталады деп ендіру ұлтты есінен айырып, ел болашағына балта шабумен бірдей нақұрыстардың тірлігі. Еуроцентризм, пантюркизм, панисламизм сияқты бұл шешім де тарихтың біржақты саясиланған, қоғамды естен айырып есалаң қылып, аздыратын түрі. Надандарға дес берсең құрдымға кетесің.
И. Көне түркінің тарихи тілінің эволюциясына байланысты соңғы 400 жылдағы ғылыми деректер. Түркі тілі –агглютинивті тіл яғни ол түбірге жалғау қосу арқылы дамығандықтан (эволюция), оның түбірі өзгермей мәңгі сақталады. Мысалы;
- «Бретон» деген сөзден бастап, Англиядағы 327 жер, су, көне елді мекендердің аттарының түбірі түркілік (проф. Давыдов). Англияның негізін салған Артур скиф (сақ);
- Чуваштар көне сибур (Сібір сонымен аталады) тайпасының ұрпақтары. Сибурлар Үнді мұхиты түбінде жатқан өркениет лемурлардың (бізге дейінгі нәсілдің) ұрпағы?!
- Римді салған Ромул өз шежіресін түркілердің бабасы, нұх пайғамбардың баласы Иафет (Иафес) бастаса, Скандинав ғалымдары ДНҚ генеология әдісімен өздерінің ОА барған түркілердің ұрпақтары екенін дәлелдеді;
- Ертедегі Египет, Шумер... тілдері түркизмге толы (Сүлейменов т.б.);
-Солт және Оңт Америкада Ацтек, Майяя, Инк өркениеттерін жасап, Пасхи мен Полинезияға аралдарына дейін тараған (Тур Хейердал) үнділердің 400-ден астам сөзінің айтылуы мен мағынасы түркінікі...
Жоғарыдағы, әлем ғалымдары дәлелдеген қысқаша деректердің өзі түркінің тарихы мен тілінің жоғалмайтын мәңгі екенін көрсетеді.
Й. Бөрілі байрақ. Б.д.д. ІІІ мың жылдың арғы жағында ғұндардың (көне түркілер) таңбасы қарға болды. Сондықтан, «қарға тамырлы қазақ» деген, көнеден тамырымыз яғни тегіміз бір, бір атаның баласы қазақпыз дегенді білдіреді. Одан кейінгі түркілердің таңбасы жылан (айдаһар) болды. Б.д.д.2700 жылдары ғұнның астанасы Ордостан 30 нөкерімен барған Хуанди (яғни олар да ғұндар) құрған Қытай мемлекетінің таңбасы айдаһар болды да, түркілер ашина тайпасының таңбасы, Ұлы дала аңдарының патшасы бөріні таңдады. Сүйінбайдың, "Бөрілі менің байрағым... Бөрі еске түскенде, қозып кетер қайдағым!..." дейтіні содан. Көктен-Аспан яғни Тәңір бөрісі, оның жердегі рухы Көкбөрі түркілерді рухтандырып, олар «Басы барды идіріп, тізесі барды бүктіріп...» «Дала империялары» мемлекеттерін құрды.
ҚР таңбаға қоғаммен келіспей қызыл кітаптағы саны жүзден аспайтын барсты алды. Енді ҚР РФ-ға салық төлесе, Ресей, екі соғыстан кейін саны бір млн өзінің ішіндегі шешенге (таңбасы Көкбөрі) салық төлеуде. Таңбаның маңызы осында. Бізге рухани жаңғырудың аясында Көкбөріні алу ұлттық рухымызды қайтарады. Орныққан Ұлттық рух ғана жаңғырады;
К. Қоғамның ұлттың дәстүр негізінде дамуын қамтамасыз ету. Ұлттық дәстүр – ол, сол халықтың өмір сүру заңы. Ағылшындар, «бала тәрбиесі, ол дүниеге келгеннен жүз жыл бұрын басталады» дейді яғни тәрбие сол ұлттың дәстүріне негізделеді. «Егер балаға қандай тәрбие беріп жатқаныңды білсем, жүз ұрпақтан кейін елдің қандай болатынын айтамын», дейді шығыс даналығы. Ұрпақ тәрбиесі, - ол мемлекеттің негізі және болашағын айқындайтын барометрі.
- Білім саласындағы бағдарламадан сызу, сурет пәндерін алып тастауы (XV-XVIIғғ Батыстағы ренессанстың негізін салған Леонардо Да Винчи, Микеланджело, Рафаэльдер сәулетші, суретшілер еді) қоғамның жаңғыруына кедергі болса, мектептің жоғарғы сыныптарынан физика, математика, химия, биология пәндерін қазақша оқытпауы Кеңес одағы кезінде қалыптасқан ұлттық ғылым мен технологияны құрту, ал 2,5-3,0 жастан тілі шықпаған балаға бірден үш тіл үйрету әлемдік педагогикаға, психология және физиологияға қарсы ілім және ешқандай сараптамасыз, қоғам пікірімен санаспай ендіргендіктен, ол ел дамуын ондаған жылдарға кері кетіретін шара болмақ. Қазақ, алты мың жылдық тарихы айқындалған халық. Енді ЖОО—ның бағдарламасынан тарихты тек 1991ж бастап оқытуды А.Эйнштейннің, «надандықта шек болмайды» дегенімен ғана түсіндіруге болады. Сонда біз кімді, қандай мақсатпен оқытып жатырмыз?;
- Ұлттық тәрбие мен білім қатар жүретін егіз ұғым. Ұстаз – ол ұлттың тәрбиешісі. Біздегі дәрігерлер мен ұстаздардың табыстары елдегі орташа табыстың 58%-ын ғана құрайды. Кемаль Ататүрік ұстанған, «Ұстаздардың табысы депутаттардан жоғары болғаннан бастап», ел өркениетке қадам басады.
- Он жыл бойы Болонн процессіне кіргенді жоғарғы білімдегі ерекше құбылыс санап келеміз. Әрине, оның стандарттары біздегі білімді белгілі дәрежеге көтереді деп күтілді. Бірақ, бұл процесстің талаптары бойынша, оған кірген университеттерде ұлттық тәрбие, ұлттық философия және ұлттық дәстүрді... оқуға тиым салынады яғни ол да ұлтты жоюға бағытталған жаһанданудың бір әдісі.
Білім саласындағы шешілмеген негізгі мәселенің бірі - ол Үкіметтің санаулы мектеп не университетерге жақсы көңіл бөліп (мысалы, 20 Назарбаев интеллектуальдық мектебі) басқа 8,1 мыңнан астам мектептерге жете көңіл бөлмеуінде. Үкіметтің негізгі міндеті «ала қойды бөле қырқу...» емес, барлық мектептер мен университеттердегі білім сапасын көтеру болып табылады.
Осы саладағы басталып, аяқсыз қалған немесе МакКензи компаниясының ондаған-жүздеген млн АҚШ долларына жасаған жобаларына тәуелсіз сараптама жасағанда, оның қалыптасқан білім саласын жоюға жұмыстанып жатқан жоқ па деген қорытындыға келесің?!
-Бүгінгі қоғам алдында тұрған негізгі мәселелер – ол білім мен ғылымды және адам капиталын дамыту, инновациялық экономикаға көшу және интеллектуальдық Ұлт қалыптастыру. Адам капиталы (АК) сапалы білім, жоғарғы тұрмыс деңгейі, зерделік және ғылым арқылы инновациялық экономиканы қалыптастыратын негізгі фактор болып табылады.
Әлемнің дамыған 30 елдерінің қатарына қосылуды жоспарлаған «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру үшін адам даму индексінің (АДИ) барлық саласын бір мезгілде дамыту қажет. Ал, бүгінгі Қазақстан экономикасы мен бизнесі технологиялық (интеллектуальдық) рента емес, шикізат және әкімшілік рентаға бейімделген.
Біздегі студенттерге бөлінетін қаржы дамыған елдерден 6 есе төмен. Жоғарғы білімге бөлінетін мемлекеттік қаржының деңгейі, ЖІӨ процентпен есептегенде (ҚР статистика Агенттігінің дерегі) Қазақстанда -0,2%, дамыған елдерде орташа -1,6%.
TIMSS халықаралық ұйымның 2007-2011 жылдары Қазақстанда жүргізген зерттеулері отандық білімнің сапасы мен деңгейі инновациялық экономикаға сай емес екенін көрсетті. Әлемдік Бәсекелестік Индексінде Қазақстан білім сапасы бойынша 144 елдің ішінде 101 орында және инновациялық потенциал бойынша 90 орында.
Басқа елдерде жоғарғы білімділердің арасында жұмыссыздық басқа категориядағы адамдардан 2 есе төмен болса, Қазақстанда керісінше 3 есе жоғары. Бұл көрсеткіш 2011 ж. 24,9% құрады.
Әлемдік экономикалық форумның (WEF) есебі бойынша Қазақстан 2009 жылы «Денсаулық/орта білім» факторы бойынша 141 елдің ішінде 85 орында, («жоғарғы білім/тренинг») рейтингі бойынша 65 орында болды. Қазақстанның орта және жоғарғы білімінің сапасы бәсекелестікке сай емес. Білім сапасын көтеруде мектепке дейінгі білім мен тәрбиенің маңызы зор. ҚР бұл категорияға бөлінетін шығын Еуроодақтан 10-20 есе төмен және ЖІӨ-нің 0,1 - 0,2% құрайды.
Жоғарғы білімді дамытудың негізгі мәселелері:
- Қазақстанда білімге ЖІӨ-нің 4,0% деңгейінде қаржы бөлінсе, дамыған елдерде ол 16%-ға жетеді. Білімді қаржыландырудың төмен болуы ақпараттандыру және жаңа технологияларды енгізу, білім беру деңгейінің төмендігінің т.б. себебі болуда;
- Қазақ ЖОО-нда дайындалған ғылыми жұмыс пен оларды ендіру батыс университеттерінен он еседей төмен және ғалымдардың саны өткен ғасырдың 50-60-шы жылдарындағыдан әлдеқайда төмен.
- Әлемдік банктің деректері бойынша мұнай саласы , машинаөнеркәсібі, металл өңдеу салаларында мамандар жетіспейді және осы салаларда істейтін мамандардың 60%-ның кәсіптік деңгейлерінің төмендігі, бұл салалардағы өндіріс пен бизнестің дамуына кедергі болуда.
Халықаралық Адам институтының сараптамалары рухани жаңғыру аясында тәрбие мен білімде шешуін табуды қажет ететін келесі түпкілікті мәселелердің бар екенін көрсетті:
- Көптеген балалар тәрбиесі ошақтарында жергілікті халықтың дәстүрі мен мәдениетіне негізделмеген тоталитарлық жүйеден қалған «дәстүр» сақталуда. Ол, бұл салаларда әлі ешқандай реформа жүрмегенін көрсетеді.
- XIX ғасырда отарлаушылар далада хатшылар, аудармашылар, толмачтар т.б. дайындайтын бұратана халықтарға арналған аралас мектептер ашты. 1916 жылы халық патшаның саясатына қарсы көтеріліске шыққандар алдымен елдің мүддесін сатқан, сол мектептерді бітірген «білімділерді» жазалады. Отарлаушыларға қызмет еткен аралас мектептердің түлектері алашордалықтар сияқты ұлтының зиялысы бола алмады. Ш. Уәлихановтың өзі отарлаушылардың алдауында жүргенін өмірінің соңында түсінді.
Елдегі бала-бақшалар мен университеттердің жартысы, әрбір үшінші мектеп – аралас яғни бұратана ұрпақ тәрбиелейді. Мысалы, Алматыда мемлекеттік тілде тәрбие беретін бала-бақшаның үлесі-12%, мектеп-35%, Астанада - 50%-дан кем. Бұндай білім жүйесімен мемлекеттік институттар мен адам капиталын дамыту және толыққанды интеллектуальдық ұлт қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан, бұратана тобырды өсіретін білім жүйесінен құтылу үшін 2020 жылға дейін аралас мектептер жабылып, қазақ және орыс тілінде оқытатын бала-бақша, мектеп, колледж, ЖОО қалдыру керек.;
- Аралас және орыс мектептері мен университеттердегі білім жүйесі негізінен кеңестік-ресейлік. Олар математикадан жақсы білім бергенімен, қалған пәндердің білімі
- Біздегі білім жүйесінің келесі мәселесі, онда негізгі фактор- адам интеллектісінің қалыптасу факторы қаралмайды. Адам интеллектісінің 40-50% бес жаста, 60-70% жеті жаста, 9 жаста 92%-ға дейін және 15 жаста олық қалыптасатыны ғылыми дәлелденген. Бізде мектепке бала 7 жаста (Жапонияда 5 жаста) барады және аптасына орташа 41-42 сағат (Жапонияда 52 сағ.) оқиды. Қорытындысында, біздің оқушылар 10 жылдық бітіргенде шетелдік құрдастарынан 5 мыңдай сағат, 12 жылдықта- 6 мыңдай сағат яғни бакалаврдің курсын кем оқиды. Одан кейінгі кәсіптік-техникалық білім мен университеттердегі артта қалу қорытындасында ғылым, технология және инновацияның дамымауының себебі болмақ. Бұндай қоғамның мүшелері өз мүмкіндіктерін толығымен көрсете алмайды яғни бақытты бола алмайды. Сұрау жүргізгендердің 60% республикадағы білім деңгейі төмен деп жауап берсе, тағы 22,9% бірінші кезекте өте білікті ұстаздар қажет екенін мәлімдеді.
- БҰҰ дерегі бойынша Қазақстан тұрғындарының өмір ұзақтығы мен денсаулық саласы бойынша 128 орында (РФ-112, Беларуссия-118). Тұрғындардың сауаттылығы, білімге қолжетімділік және гендерлік теңдік бойынша Қазақстанның көрсеткіші жоғары болғанымен, өмір ұзақтығы бойынша Гондурас (73,4), Алжирлерден (73) кейін қалған, кейбір деректерде Қырғызстан мен Өзбекстанмен (68-70 жас) шамалас. Адамдардың өмір ұзақтығы әлеуметтік факторлар, өмір деңгейі, тұрғындардың денсаулығы және экологиялық жағдайға тікелей байланысты. Бұл жерде Ресейге 50 жылға жалға берілген Байқоңыр космодромы мен 90 жылға тегін берілген 10 млн га әскери полигондардың аймағында онкологиялық ауырулардың деңгейі орташа статистикадан 10-12 есе көп.
ПРООН-ның дерегі бойынша Батыс Еуропада денсаулық пен білімге ЖІӨ-нің 8,1% және 8,5% бөлінеді. Әлемде денсаулыққа орташа 5,5%, Қазақстанда 2,5% бөлінеді. Дамыған елдерде халықтың 50%, АҚШ-та еңбекке жарамды тұрғындардың 2/3 ой еңбегімен айналысады.
ІІ. Сакральды Қазақстан (СҚ) және ХХІ ғасыр өркениеті
Қазақстанның зайырлы мемлекет ретінде Үкімет деңгейінде «СҚ» бағдарламасын қабылдап, оған қазынадан қаржы бөлінуі ел саясатының айқындалмағанын немесе айқындалса да оның мақсаты «қоғамды алға жетелеу емес, үңгірлік санаға бағыттамайды ма?» деген сұрақ туындайды. Себебі:
- Тап осындай сакральдық бағдарлама Африка мен Мұхиттағы аралдар сияқты әлем өркениетінен шеткері қалған жерлерде болмаса, дамыған не жаңаиндустриальдық елдердің ешқайсысында жоқ;
- «СҚ» авторлары, «Біз бабалар аруағына сиынған халықпыз, яғни ол біздің дәстүр болғандықтан, оны дамытуымыз керек», деп негіздеуі мүмкін;
А) Бұл жерде «ХХІғ мемлекет қандай дәстүрге басымдылық беру керек?» деген мәселе туындайды. Бізге алдымен дәстүрдің озығы, яғни заман бәсекелестігіне сай, отансүйгіш, креативті тұлға тәрбиелей алатын дәстүр, өнер, философия, мораль, дін, әдебиет, білім, ғылым, инновация... яғни мәдениет қажет. Бұл, қоғамды яғни ондағы адамдардың тұрмысы мен өмірін немесе адам капиталын жан-жақты дамытуға қажетті салалар;
Ә) Ал, қасиетті не сакральды ұғымы- ол негізінен адамдардың өмірінен тыс, «О» дүние туралы әлемдік діндердің пайда болған кездерінде қалыптасқан ұғым,
Б) Иудаизм, христиан және ислам діндері пайда болған қасиетті жер Палестина мен Израиль 70 жылдан бері, сол «қасиетті» жерлер үшін болатын мәңгі соғыстың ошағына айналды;
В) Біздегі «қасиетті» жерлердің 75-80% елдің оңтүстік-шығысы, Үстірт пен Ұлытауда орналасқан. Бұл өңірлерде вулкандардан қалған таулар мен төбелер, бұлақтар мен табиғи аномалиядан қалыптасқан үңгірлер мен оларды мешіт пен үйлерге пайдалаған жерлер, сақ қорғандары, мазарлар... жатады;
Г) Әрине, Ахмет Иассауи кесенесі, Алаша мен Жошы хандар мен Бекет ата қорықтары т.б. халқымыз үшін қасиетті орындар. Көне түркілер мен қазақтың ұғымында аруақтар мен тірі адамдарды біртұтас қараған яғни олар өмірден өткен аруақтардың рухы, ерлігі, тәжірибесіне сиынған. Рух деген не? Мысалы, Жетісу, Сыр бойы, Орталық Қазақстан жері 60-70 жыл бойы қалмақтың бодандығында болғанда отаршыларға қарсы есте қалатын бір көтерілістің болмағаны мүлдем түсініксіз?! Егер, хан Әбілқайыр 1728 жылы 25 мыңдай әскермен (жартысы жолда сүзектен өлгеннен кейін қалғаны) Жайықтан келіп, алдымен атақты Аңырақай шайқасын, 1731 жылы Бұланты шайқастарын жеңбегенде қазақ сол құлдықта қалар ма еді?! Бұл жеңістердің рөлі қазақ тарихында 1991 жылғы тәуелсіздікпен тең, ал құндылығы – ол елдің рухын көтеріп, олардың жеңіске деген сенімін арттыруында болды.
Одан кейін оңтүстік өңірді ондаған жылдар бойы билеген қоқандықтар Түркістанда жерленген қазақтың 116 ханы, батыры, билерінің зираттары мен белгі тастарын қиратқандықтан, ол жер ұжымдық зиратқа айналды. Хан Абылайдың тасы басқа тастың астында көрінбей қалғандықтан ғана кездейсоқ жағдайда сақталған.
1859 жылы Черняев 200-дей казакпен Түркістанға келіп екі зеңбіріктің біреуінен оқ атқанда 20 мыңдай жергілікті сарбаз жер бауырлап жатып алып бастарын көтермепті. Тек, Кенесарының ұлы Сыздық сұлтан ғана қасқайып тұрыпты. Оған оқ атуға казактар бата алмады. Содан 10-15 жыл бұрын садақ, қылышпен қаруланған Кенесары сарбаздары ондаған зеңбірікпен қорғаған Орск мен Ақмола бекіністерін 2-3 реттен өртеп, басып алмап па еді?! Сонда, халқымыз бен тарих үшін ең қасиетті Кенесарының рухы мен сарбаздарының ерліктері қайда кеткен? Ерлікті жасайтын Ерлер! Ұлттың асыл қасиеті ел қорғаған хандары мен батырларының мінездері мен биік рухтарында. Қазақ үшін қасиетті (сакальды) дүниелер осылар.
Өткен ғасырдың 60-шы жылдарына дейін Түркістандағы ұлы мавзолейді малқора ретінде пайдаланыпты.
Ал, бүгінде Шымкент қаласындағы Орталық паркті абаттандыруға қала бюджетінен 102 млн теңге бөлген. Ол «парктің көркі» Ленин ескерткіші мен өткен ғасырдың 30-шы жылдарындағы Созақ азаттық көтерілісін қанға бояған қызыләскерлердің ескерткіштері Қазақстанның сакральды объектілерінің санатына кірген деп қабылдау керек.
Бұл жерде А. Байтұрсыновтың, «ерлер кетіп еркек қалды, қояннан да қорқақ қалды», дегені болуды.
Жоғарыдағы, тарихтың мысалдары ғасырлар бойы діндарлық және диханшылықпен айналысқан түркістандықтарға азаттықтан гөрі, «шүкіршілік» немесе «құлшылық» қымбат екенін көрсетуде. Халықтың дінге жаппай бетбұрысы Түркістаннан басталып, шығысқа қарай тараған және неге екенін, ұлт пен мемлекетке ең қасиетті Ел, Жер, Ана тіл сияқты ұғымдарға немқұрайлылық та осы аймақта және жалпы діндарлардың арасында кеңінен тараған. Ислам алғашында әлемге, оның ішінде ОА арабтың қылышының күшімен тарағаны белгілі. Б.д. 751ж Талас-Атлах шайқасында да арабтар қытай әскерін талқандағаннан кейін, күншығыстың ОА-ға экспансиясы тоқтады. («Жібек жолы» қай уақытта да, тек сауда-саттық ғана емес, отарлау жолы болғанын және болатынын ұмытпау керек). Біздің діндарлар сол шайқастағы дін таратушы Құтайбы т.б. арабтың батырларының рухын неге мұра қыла алмады? Рухсыз діндарлар елін, жерін, тілін, дінін қалай қорғамақшы? Ондай, елге, өмір үшін күрестің орнына өлімді яғни ортодосальды дінді уағыздайтын жүрексіз сүлделердің қоғамға пайдасынан зияны көп емес пе? Себебі, Әл Фараби, Ибн Сина, Ибн Рушд т.б. кезінде білімі мен ғылымы шарықтаған Ислам Халифаты жарты әлемді билесе, жалпы интеллектуальдық құндылықтардан безіп ортодоксальдық исламға ауысқаннан кейін Түркиядан басқа 56 мұсылман елі 2,5-3 ғасыр бойы жалпы өркениеттен артта қалып бодандыққа кірді. Құлдарға, кімге құл болса да бәрі бір ғой. Бұрын жылқы мінезді, бөрі рухты қазақтың ортасында енді жақсы адам деген ұғым, қой мінезді жуас не еңбегі адал-еті арам есек сияқтыларды атайтын болды. Бұд тобырлық мінез, құлдық сананың, күреске емес, құрбандық болатын қоғамның белгілері. Ондай қоғамда рухани жаңғыру болуы мүмкін емес. Қазақ бұл ездігінен құтылмаса, онда саны 99% болса да ана тілін мемлекеттік қылып, жер байлығының өзі иесі болып экономикасын да басқара алмайды?! Бұл «феномен» әлі зерттеп, нақты шешім қабылдауды талап етеді?!
Ғ. Алашорда рухани жаңғырудың қайнар көзі. Қаза