Мексика жағалауында күшті жер сілкінісінен кейін цунами болуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170908113722170_small.jpg

Тынық мұхитының цунами жайында ескерту орталығы Мексика жағалауларында орын алған жер сілкінісінен кейін цунами болуы мүмкін екендігін айтады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап.

Айта кетсек, магнитудасы 8-ге жеткен қуаты күшті жер сілкінісі сағат 04:49 шамасында тіркелген болатын. Эпицентр Трес-Пикос ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 119 шақырымда орналасқан. Ал жер сілкінісінің ошағы 33 шақырым тереңдікте орын алған.

«Жер сілкінісінің алдын-ала параметрлерін ескере отырып, қауіпті цунами болуы ықтимал», - дейді ескерту орталығы.

Сейсмологтардың айтуынша, Мексика жағалауларында, Гватемала, Сальвадор, Коста-Рика, Никарагуа, Панама, Гондурас және Эквадорда қуаты күшті цунами болу қауіпі бар.

Қатысты Мақалалар