Apple iPhone-ның жаңа модельдерін таныстырды (видео)

    Gulim Zhaqan
    Apple iPhone-ның жаңа модельдерін таныстырды (видео)

    Apple компаниясы презентация барысында iPhone-ның жаңа iPhone 8 және 8 Plus модельдерін таныстырды. Сондай-ақ жаңа iPhone смартфонынының премиум нұсқасы – iPhone Х таныстырылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

    Алғашқы екі модельдің ерекшелігі смартфондардың артқы қақпағы тегіс әйнекпен жабдықталған. Екі модельдің де экрандарының диагоналі алдыңғы iPhone 7 және 7 Plus модельдерінің диагональ көлеміндей. Процессоры – алты ядролы А11.

    Сондай-ақ құрылғының негізгі камерасы 12 мегапиксельді жаңа сенсорлы болып келеді. Бұдан бөлек жаңа смартфондар сымсыз зарядтау функциясына ие.

    iPhone 8 смартфонының қара, сұр және алтын түстес түрлері ұсынылады.

    iPhone Х смартфоныны тегіс әйнекті корпус пен жиектемесіз OLED-дисплейі (5,8 дюйм) арқылы ерекшеленеді. Жалпы Apple-дың жаңа құрылғылары жиектемесіз шыққан. iPhone Х смартфонының панелінен Home түймесін енді көре алмайсыздар. Оның орнына смартфон бетінде иесін тани алатын Face ID сканері орнатылған. Аталмыш функция Touch ID-дың аналогі болады және төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады. Сондай-ақ құрылғы қос L-пішінді аккумулятормен және 3 Гб жедел жадымен жабдықталған.

    АҚШ-та жаңа модельдердің бағалары $699, $799 және $999 құрайды. Сатылымға 22 қыркүйекте шығады.

     

    Қатысты Мақалалар