Жаңа салық кодексінің жобасы әзірленді

/uploads/thumbnail/20170913084800552_small.jpg

Салықты өз бетінше төлеуге ынталандыруға баса назар аударумен салықтық әкімшілендіруді жеңілдету ұсынылады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

ШОБ және АӨК субъектілері үшін баламалы тиімді режімді толықтырумен шарттар жеңілдетіледі.

Жаңа салық кодексінің жобасында көлеңкелі экономика бойынша шаралар көрініс тапқан, бірқатар жеңілдіктерді жаңғырту, жер қойнауларын пайдалануға ынталандыру ұсынылады.

Біріншіден, барлық мәселелер мен айқынсыздықтар салық төлеушілердің пайдасына қарай талқыланады. Бұл қағидат салық дауларын әділ қарастыруға мүмкіндік береді.

Екіншіден, егер салық төлеуші салық органының түсініктемесіне сәйкес әрекет етіп, соның салдарынан ұстанымын өзгертсе, айыппұлдар мен үстемақылар төлетпеу ұсынылады.

Үшіншіден, аударымдарға дейінгілердің негізділігіне қойылатын талаптар күшейтіледі. Енді салық тексерулерінің актілерінде сәйкес негіздемелер болуы керек.

Төртіншіден, бизнеске заңнамадағы өзгерістерді зерделеу үшін көбірек уақыт беріледі.

Бесіншіден, жыл бойы көптеген түзетулерден қорғау енгізіледі. Туындаған барлық түзетулерді бір заңнамамен енгізу ұсынылады. Бұл бизнеске салық кодексінің барлық өзгерістері туралы хабардар болуға мүмкіндік береді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар