Ел тәуелсіздігінің арқасында атажұртқа оралған қандастарымыздың ұзын саны 1 миллионнан асты. Дегенмен, 5 миллионға жуық бауырларымыз әлі де жат жұрттың топырағында өмір сүруде. Бір өкінерлігі – қазірге дейін қазақ еліне туын тіккен «оралман» бауырларымыздың немесе шетел қазақтарының құқығын қорғайтын бір мекеме құрылған жоқ. "Отаным- Елім" Халықаралық заңгерлік компаниясы сол олқылықтың орынын толтыруды көздейді.
Жасыратыны жоқ, қазақ еліндегі ең өзекті мәселелердің бірі – оралмандар мәселесі. Тұрақты тіркеуге тұрудың машақатын тартатын, визасын ұзарта алмай шыр-пыр болатын, азаматтыққа құжат тапсырудың мың сан қиындығын көретін солар. Тіпті жеке бас мүлкіне байланысты да көптеген келеңсіздіктерге душар болып жатады. Мұның барлығы оралман мәселесімен айналыстын арнайы органның жоқтығынан болса керек. Компания басшысы белгілі заңгер Омар Саид«Отаным-Елім» деген аттың бекерге қойылмағанын, Отаным-Елім деп келген кез келген азаматқа қолдау көрсететінін айтты.
Омар мырзаның айтуынша бұл қазақтың құқын қорғайтын халықаралық алғашқы ұйым. Аталмыш компания сауда экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту жөніндегі Қазақстан және Қытай үкіметі арасындағы мемлекетаралық келісімдер шеңберінде Қазақстан азаматтарына, Қытайдан оралған қазақ қандастарға құқықтық көмек көрсетеді. Атап өтер болсақ:
1.Тегін заңдық кеңес беру.
2.Банк және микро кредиттік ұйымдардан алған кредиттердің төлеу мерзімін айыппұлсыз екі жылға дейін кешіктіріп өтеуге мүмкіндік жаратып беру.
3.Шетелден оралған қандас кәсіпкерлердің құқықтарымен мүдделерін қорғау.
4.Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарымен соттарында заңды өкілдік қорғаушы қызымет көрсету.
5.Қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлер арасында іскерлік, әріптестік қатынастар орнату және дамытуға жәрдемдесу.
6.Жер телімдерін, жылжымайтын мүліктерді тіркеу және қайта тіркеуден өткізу жұмыстары.
7.Құрылыс обьектілерін заңдастыру.
8.Жерді тұрғын үй қорынан шығарып кәсіпкерлік орынға айналдыру.
9.Миграциялық қызыметтер, шетелден оралған қандастарымызға азаматтық алып беру, ықтиярхат алуға жардемдесу..
10.Шетелдік азаматтарды тіркеу.
11.Шетелдік азаматтарды визалық қолдау.
12.Жеке кәсіпкерлікті бастауға құжаттық заңдық көмектер көрсету.
13.АХАЖ бөлімінде құжат рәсімдеу.
14.Лицензиялық барлық қызымет түрлеріне лицензия алып беру.
15.Қытай Халық Республикасынан жүктерді, тауарларды Қазақстан аумағына, ТМД елдері арасында тасу, жеткізу жұмыстарымен оны бақылау.
16.Сақтандырудың барлық түрлері.
17.Салықтық көмек көрсету және бақылау
18.Заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу.
Қарап отырсаңыз, бар қазаққа керек қызметтер. Қолында өнері, жеткілікті қаражаты болса да, кәсіпкерлікпен айналысудың жолын таба алмай жүрген қандастарымызға айтарлықтай бағыт-бағдар болатыны сөзсіз. Біз тек «Отаным-Елім» деген атты арқалаған заңгерлер тобының ел ертеңі үшін жасап жатқан жұмыстарының шынайы болуына тілектеспіз. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген Абай сөзі әр қазақтың жадында болса екен.
Хазірет Әбділда
Пікір қалдыру