Арзан массаж –«Асуда»

/uploads/thumbnail/20170708150844280_small.png

Тіршілігі қым-қуыт мына заманда адамдардың жүйкесі тез шаршайтын болды. Соның салдарынан қызмет өнімділігіне де нұқсан келіп жатады. Әдетте, бас салып дәрі мен уколға жүгінетін батыс емшілігінен гөрі бұл күнде табиғи емді негіз ететін Шығыс шипагерлігі сұранысқа ие болуда. Айталық, тәуелсіздіктің 20 жылында Атажұртына оралып, Қытайдың қыры мен сыры мол дәстүрлі медицинасын қазаққа жұмыс жасатып жатқандар қатары молшылық. Енді міне тағы бір сауықтыру орталығы қатарға қосылды. 

Алматы қаласы «Ақсай – 3», 88 үй,  91 патерде  массаж орталығы ашылды.  15 жылдан астам уақыт Қытай елінде  массаж өнерінің қыр-сырын меңгерген қандасымыз Гүлден Долиқызы жетекшілік ететін емдеу-сауықтыру орталығы негізінен массажға сүйенеді.  Орталықтың ашылуы турасында бас маман Гүлден Долиқызы: «Біз елге атбасын бұруды ерте ойлағанбыз, бірақ, елге не алып келеміз деген ой тұрды көкейімізде,  ойлана келе, жат жұрттың озық өнерінің біреуін үйреніп келіп, өз қандастарымыздың игілігіне жұмсауды ойладық, міне арманымыз орындалды, ойлаған ісімізді жүзеге асырдық, массаждың барлық түрімен емдейміз, бағасы да қолжетімді» дейді.

Иә, мың естігеннен бір көрген артық деп аталған массаж орталығына барып қайттық. Бұл орталықтың басқа емдеу орындарынан ерекшелігі – мұнда аз уақыттық курстан өтіп, дәрігер халатын кигендер емес, негізінен ұзақ жылдық тәжірибелі мамандар жұмыс жасайды әрі бағасы да арзан. Алыстан келген ағайынның Атажаұртқа беретіні бұдан да көп болсын деп тілейміз.

Қ.Жұмахан

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар