Қарашада туған Мұстафа еді...

/uploads/thumbnail/20170708150843921_small.jpg

52063Алаштың маңдайына біткен жарық жұлдызы Мұстафа Өзтүрік тірі болғанда ертең 58 жасқа келер еді. Қырықтың қырқасына ілінген шағында дүниеден өткен марқұмның артында өшпес ізі қалды.

 Атажұртына жусанның исін аңсап жеткен боздақтар қаншама?! Соның бірі және бірегейі – Мұстафа Өзтүрік. Әттең! Ғұмыры қысқа болды. Алаштың арда туған ұлын Батыраштардың балтасы жер құштырды. Мұстафаның ата-бабалары өткен ғасырдың 50 жылдары тар жол, тайғақ кешуді бастан өткізіп, Қытай, Пәкістан, Үндістан бағытымен Түрік республиксына ат басын тіреп еді. Бір Аллаға аян, дегенмен елі үшін туған ердің ең үлкен бақыты – Қазақ елінің тәуелсіздігіне куә болғандығы шығар. 

Мұстафа Стамбұлдағы орта мектепті бітіріп, Тайвандағы экспериментальды университетті және сол елдегі Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін қоса бітірген. Ол осы елде жүріп, университет дипломымен бірге таэквондодан 6-шы Дан сертификатын алады. Бұл таэквондодан барша мұсылман әлеміндегі алғашқы жоғары дәреже еді.  Кейін Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Стамбұл қалаларында өзінің таэквондо мектебін ашып, жастарды спортқа баулыды. Қазақстан тәуелсіздік ала салысымен Алматыға оралған ол таэквондоға тәрбиелеу орталығын жасақтап, Қазақ елі тарихында алғаш рет таэквондистерді халықаралық жарыстарға апарып, жеңіспен оралады.

 Мұстафа 1995 жылы белгісіз жағдайда қазаға ұшырап, денесі Стамбұл қаласында жерленді. 2000 жылы Алматы қаласында Мұстафаның атына көше беріліп, ескерткіш белгі қойылды. 2004 жылы марқұмның 50 жасқа толған мерейтойы қарсаңында Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында ескерткіші ашылды.

Мұстафа Өзтүрік Таэквон-До спортынан алты дүркін әлем чемпионы, халықаралық жаттықтырушы. Алты тіл меңгерген.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар