Душанбенің экс-әкіміне имамды өлтірді деген айып тағылды

/uploads/thumbnail/20171010150526493_small.jpg

Тәжікстанда бұрынғы вице-пример Джамолиддин Мансуров қала имамы Рахмон Сафафралиевті өлтірді деген айыппен қамалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі «ТаджикТА» агенттігінің мәліметіне сүйеніп.

Гиссар қаласының мешітінде имам болған Рахмон Сафафралиевтің  ұлы қылмыстың 1992 жылы азамат соғысы уақытында болғанын мәлімдеді.

Бірнеше күн бұрын прокуратура қызметкерлері мен Гиссар милициялары имамның сүйек қалдықтарына эксгумация өткізді. Қазіргі уақытта сүйекке сараптама жасалуда.

Құқық қорғау органдары бұрынғы вице-примерді ұстап, тергеуге алды.

Қаза болған имамның ұлы 1990 жылдары әкесінің жергілікті мешітте қызмет атқарғанын айтты. 1992 жылдың желтоқсанында имамды Гиссар ауданының халықаралық фронт штабына шақыртып, сол жерде атып өлтірген.

«Денені 60 рубль төлесек қана алып кетуге рұқсат етті», - деді имамның ұлы.

Экс-әкім Мансуровтың өзі 1951 жылы Гиссар ауданындағы Қыпшақ қыстауында дүниеге келді. 1973 жылы Тәжік мемлекеттік университетін тәмамдады.

Бірнеше лауазымды қызмет атқарған Джамолиддин Мансуров 2005 жылы зейнетке шыққан.

Қатысты Мақалалар