Түрікменстан президенті Путинге алабай сыйлады (видео)

/uploads/thumbnail/20171011174616381_small.jpg

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхаммедов Ресей басшысы Владимир Путинге "Верный" деген алабай күшігін сыйға тартты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі  "Российская газета" басылымына сілтеме жасап. 

Бердімұхаммедов сыйлығын әріптесіне Сочидегі ТМД саммитінің алдында болған кездесуде берген. 

 

"Экология мәселесіне келгенде өз еліңіз үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін көп жұмыстанып жатқаныңызды білемін. Біздің бір досымыз бар, білетін боларсыз, бұл - ит, алабай. Мен бүгін өзіммен бірге кішкентай алабайды ала келдім, аты – Верный", - деді Түрікменстан президенті. 

Сонымен қатар Түрікменстан президенті Владимир Путинге зор денсаулық, табыс пен бар жақсылықты тіледі.

Қатысты Мақалалар