Рамзан Қадыров Өзбекстанда: Көшедегі күтпеген кездесу (видео)

/uploads/thumbnail/20171018120924448_small.jpg

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров екі күнге Өзбекстанға келді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Оның ұшағы 16-шы қазанда Ислам Кәрімов атындағы әуежайға қонды.

Қадыров бірнеше мешітке барды. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Әкесі, Шешенстанның тұңғыш президенті Ахмат Қадыров оқыған Ташкент Ислам институтына барды.

Қадыров Ислам Кәрімовтың қабіріне барғаны туралы ақпарат бар.

Рамзан Қадыров өзінің Instagram парақшасында Өзбекстанға сапарынан алған әсерімен бөлісті.

«Ташкентте күтпеген кездесу болды. Көшеде бейтаныс әйелдің атымды атап шақырғанын естідім. Бірден тоқтадым да, бейтаныс әйелге жақындадым. Ол Ташкентте туып, өскен шешен екен. Анасы оған ана тілін үйреткеніне риза болдым» деп жазды Рамзан Қадыров.

Шешенстан президенті Халифа Османның құранын көру туралы арманы орындалғанын айтады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар