Шала қазақтардың тілдерінде өзбек тілінің дыбыс үндестігі қалыптасқан

/uploads/thumbnail/20170801123931884_small.jpg

Шала қазақтарда қазақ тілінің дыбыс үндестігі толық жойылған. Олардың тілдерінде өзбек тілінің дыбыс үндестігі қалыптасқан. Қазақ тіліндегі сөздерді өзбек тілінің дыбыс үндестігімен айтады. Әйтпесе «е» мен «ң» әріптеріне тілдері келмей жүрген жоқ. Қазақша сөздерді бұзып айтуларының бір себебі осы.

  1. Сен бе – сен ба – сен ма? (өзбекше)
  2. Сіз бе – сіз ба – сиз ма?
  3. Келесің – келесін – келесән
  4. Қалайсың – қалайсын – қалайсән
  5. Не дейсің – не дейсін – не дейсән
  6. Келе жатқан – кел атқан – кёлатырган

Сөздердің буындарына екпін түсіріп айтуларынан да, өзбек тілінің әсері байқалып тұрады. Кез келген ұлттың тілінде өзінің тілдік дыбыстық үндестігі болады. Тілдегі сөздер сол тілдің тілдік дыбыстық үндестігіне бағынады. Мысалы: қырғыз бен қазақ ағайындас халықтар. Біз біріміздің тілімізді біріміз еркін түсініп, қиналмай-ақ сөйлесе береміз. Тілдеріміз бір-біріне өте жақын. Соған қарамастан қырғыз тілінің де өзіне тән тілдік дыбыстық үндестігі бар. Тілдік дыбыстық үндестігіне байланысты сөздерінде, тура сондай сөздердің қазақ тілінде айтылуынан айырмашылықтары бар. Әрбір ұлттың тілі өзінің тілдік дыбыстық үндестігіне бағына отырып айтылады, байытылады, толықтырылады. Бір ұлтта бір ғана тіл болады. Себебі сол тілде бір ғана тілдік дыбыстық үндестік болады. Диалекті дегеніміз – әр түрлі ұлттардың тілдеріндегі тілдік дыбыстық үндестіктерінің айырмашылықтары. Біз диалекті деп – шала қазақтардың түсініксіз сөздерін, тілдің дыбыстық үндестігімен шатастырып жүрміз. (Көмір қора – көмірхана, мал қора – сиырхана, дәретхана (дәрет алу), әжетхана (әжет алу), білімді – білімгер, мінбе (трибуна) – мінбер, үстел – орындық, орындық – отырғыш, алақаным ойылды – қолым жауыр болды т.б.) Тілін ұмытқан адамдардың сөздерін диалекті сөздер дейтін болдық. Бір жұрналда қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі өзінің қалай сабақ өткізгенін жазыпты. Үзінді:

  1. Төмендегі сөздердің диалектілік қолданыстағы түрін жаз.

 

  1. Шалбар – сым.
  2. Көйлек – жейде
  3. Табақ – леген
  4. Теңге – пұл
  5. Шапан – жадағай
  6. Қауын – торлама
  7. Көңіл – кеуіл
  8. Маңдай – маңлай
  9. Жұмыртқа – тұқым

 

  1. Мақал

Екі қораз ен қораға симайды

Жұрнал № 3(83) 2016 ж. 18 - бет

Ен қора. Ен, таңба деп малға салынатын белгіні айтады, бұл жерде дұрысы «ен» емес, «иен» деген сөз. (Иен қора). Шатастырған. Өзінің қате сөзін оқушыларға диалекті сөз деп түсіндірген.

  1. Шалбар – сым, көйлек – жейде. Айтылуы әр түрлі болғанымен, мағынасы бір сөздер. Соған қарағанда диалекті сөздер деп, бірін-бірі алмастыра алатын сөздерді жазуға тырысқандығы байқалады.
  2. Табақ – леген. Бұл екі сөз бірін бірі ешқашан алмастырмайды. Табақ – тамақ салатын ыдыс. Леген – беті-қолды жуатын ыдыс. Легенге тамақ салмайды, табаққа беті-қолды жумайды.
  3. Теңге – пұл. Пұлдың балама сөзі теңге емес, ақша. Теңге ақшаның аты. Ірі ақша – теңге, ұсақ ақша – тиын.
  4. Шапан – жадағай. Шапан – киімнің аты. Зат есім. Жадағай – киімнің аты емес. Сын есім.
  5. Қауын – торлама, көңіл – кеуіл. Торлама, кеуіл – тілін ұмытқан адамдардың ойдан шығарып, өздерінің арасында айтып жүрген сөздері. Егер мұғалім қазақ тілінің дыбыс үндестігін білетін адам болғанда, қауынды (дыня) діңке деп айтуына болатын еді. Мұндай сөз бар. Бәтіңке (ботинка), діңке (дыня), төпли (туфли), бедіре (ведро), шәйнек (чайник), шемішке (семечка), үстел (стол) т.б.
  6. Маңдай – маңлай. Маңлай деп өзбек тілінде айтылады. Қазақша сөзді (маңдай), өзбек пен ұйғырдың сөзінен (маңлай) ажырата алмаған. Балама сөз ретінде жазған.
  7. Жұмыртқа – тұқым. Жұмыртқа (яйцо) деп– құстың жұмыртқасын айтамыз. Тұқым – өсімдіктің дәні, түйіні. Көктемде тұқым ретінде себіледі, отырғызылады. Бұдан біз нені көреміз. Тілді ұмытқан шала қазақтың оқушыларға сабақ беріп жүргенін көреміз. Егер біз оқушыларға итті «кит», күшігін «мысығы» деп түсіндіріп, бұл диалекті сөздер десек дұрыс бола ма? Шала қазақтар сөйлескенде сұраулы сөйлемнің сөздерінің орынына, хабарлы сөйлемнің сөздерін қойып айтады. Бұл да дұрыс емес:
  • Сәлемдесу әдептілікке жатады ма?

Сабырова, мұғалім. Жұрнал № 3(83) 2016 ж. 29 - бет.

            Дұрысы: Сәлемдесу әдептілікке жата ма?

Мұғалімдер балаларға дұрыс білім беру үшін, өздері дұрыс сөйлеп, дұрыс жазуы керек. Шала қазақтар сөздердің жіктелуін де дұрыс айтпайды. Мысалы:

  1. Баруым керек – баруым керекпін (баруымыз керекпіз)
  2. Баруың керек – баруың керексің (баруыңыз керексіз)
  3. Баруы керек – баруы керекті (баруыңыз керекті)

Бұлардың тілдерінде екі сөйлемді бірінен-бірін ажыратпай қосып айтатын жағдайлары да бар:

Аласыңыз ба? Дұрысы: Аласың ба, аласыз ба?

Жүресіңіз ба? Дұрысы: Жүресің бе, жүресіз бе? («ба» емес)

Келесіңіз ба? Дұрысы: Келесің бе, келесіз бе? («ба» емес)

Барасыңыз ба? Дұрысы: Барасың ба, барасыз ба?

Егер бұзылған сөздер диалекті сөздер болса, бұзылған жіктелуі диалектілік жіктелуі ме? Екі сөйлемді қосып жіберіп, былықтырып айту диалекті сөздердің күрделенген түрі ме?

  • Ұмытып қалдым – ұмытып қалғансың ғой.
  • Бұрын айттым – бұрын айтып қойғансың ғой
  • Көргенмін – көріп алғансың ғой.

Ұмытып қалғансың ғой, айтып қойғансың ғой, көріп алғансың ғой, - деп екінші адамға қаратылып айтылады. Шала қазақтар өзіне өзі айтады. Өзіне қаратып. Бар, жүр, тұр, қал, отыр т.б. бұйрықты етістіктер бұлардың тілдерінде екі түрлі бұзылған нұсқада айтылады.

Бірінші бұзылған нұсқасы:

Барсай (дұрысы: бар), жүрсей (жүр), тұрсай (тұр), қасай (қал), кесей (кел) т.б.

Екінші бұзылған нұсқасы:

Барғын (бар), жүргін (жүр), тұрғын (тұр), қағын (қал), кегін (кел), отырғын (отыр) т.б.

Бірінші бұзылған түрі әзірше ауызша айтылып жүр (шала қазақ әртістер көп айтады), екінші бұзылған түрі жазбаша тілімізге еніп, тілді бүлдірді, ластады.

«Бағасын білгін, анаңмен өткен әр күннің». Дұрысы: Біл

«Аулақ жүргін, мазамды ала бермегін Дұрысы: Жүрші, бермеші

Жазаң бір оқ, мүдірмейтін мергенмін!».

Енді осы бұзылған сөздерге жалғаулар жалғанып, былай айтылып, жазылып жүр. Сөздің түбірі бұзылған соң, жалғау жалғанғанымен түзелмейді. Керісінше бұзылған сөздерді көбейте береді.

Бірінші бұзылған түрі:

Барсай + шы (дұрысы: барсаңшы), жүрсей + ші (жүрсеңші), тұрсай + шы (тұрсаңшы), қасай + шы (қалсаңшы), отсай + шы (отырсаңшы), кесей + ші (келсеңші) т.б.

Екінші бұзылған түрі:

Барғай + сың (дұрысы: барарсың), жүргей + сің (жүрерсің), тұрғай + сың (тұрарсың), қағай + сың (қаларсың), кегей + сің (келерсің), отқай + сың (отырарсың) т.б.

Шала қазақтар етістік сөздердің барлығын керексіз жалғаулармен немесе әріптері түсіп қалған сөздермен қосақтап айтады. Мысалы бардым, жүрдім, тұрдым, келдім, сияқты сөздердің айтылуы мен жазылуы:

Бірінші бұзылған түрі.

Бардым – барып ағам, барғамтұғым.

Жүрдім – жүргем, жүргемтұғым.

Келдім – кеп ағам, келгемтұғым. т.б.

Екінші бұзылған түрі.

Бардым – бардымшы, барғамшы, барғамды.

Жүрдім – жүрдімші, жүргемші, жүргемді.

Келдім – келдімші, келгемші, келгемді.

Үшінші жақтан (бірінші бұзылған түрі)

Барған – барып аған, барғантұғын

Жүрген – жүргентұғын

Келген – кеп аған, келгентұғын

Отырған – отқан, отқантұғын

 

Үшінші жақтан (екінші бұзылған түрі)

Барған – барғаншы, барғанды

Жүрген – жүргенші, жүргенді

Келген – кегенші, кегенді

Отырған – отқаншы, отқанды

Мен, сен, ол, олар, біз деген қарапайым сөздердің өзін менші, сенші, олшы, оларшы, біздерші деп бұзып айтқанда жағаңды ұстайсың. Тілдің бұзылуын оңтүстік Қазақстанның, солтүстік Қазақстанның, батыс Қазақстанның диалектісі деп айту, бұл тілді бөлу, бөлшектеп бұзу, жою «Ауруды жасырғанмен, өлімі әшкерелейді». Тілдің жойылуы осылай бұзылуынан басталады. Қазақ тілінің тілдік дыбыстық үндестігінің жойылуы, осы тілді бұзып сөйлеудің әсері. Мектептерде оқушылар қазақ тілін қазақ тілінің дыбыс үндестігімен сөйлеуді қойған. Бүгін ба? (дұрысы: бүгін бе), кеше ма? (кеше ме), дейсін ба? (дейсің бе), түсіндіңдер ма? (түсіндіңдер ме), сіздер ма? (сіздер ме) т.б. Өйткені мұғалімдердің өздері қазақша сөздерді өзбек тілінің дыбыс үндестігімен айтып жүргендерін, диалекті деп басқаларды әбден шатастырған. Мұны «саламатсыздар ма» деп амандасып жүргендерінен-ақ байқауға болады. Тіліміздің бұзылуының тағы бір себебі, шала қазақтардың сөздерінің тілімізге өте көп еніп, тіліміздегі дұрыс сөздерді ығыстырып шығаруында.Сөзіміздің дәлелі шала қазақ журналистердің ауыздарынан айтылып, жазылып жүрген мына сөздер:

Бастау, басталуы – басталым, басталымы

Тарау, таралуы – таралым, таралымы

Көрсету, көрсетілуі – көрсетілім, көрсетілімі

Оқу, оқылуы – оқылым, оқылымы

Сақтау, сақталуы – сақталым, сақталымы

Ауысу, ауысуы – ауысым, ауысымы

Шегеру, шегерілуі – шегерім, шегерілімі

Төлеу, төленуі – төлем, төлемі

Сатылған – сатыл(ын)ып қойыл(ын)ған

Жасалған – жасал(ын)ып қойыл(ын)ған

Берілген – беріл(ін)іп қойыл(ын)ған

Айтылған – айтыл(ын)ып қойыл(ын)ған

Басталды, басталған – бастал(ын)ды, бастал(ын)ған

Таралды, таралған – тарал(ын)ды, тарал(ын)ған

Таратылды, таратылған – таратыл(ын)ды, таратыл(ын)ған

Көрсетілді, көрсетілген – көрсетіл(ін)ді, көрсетіл(ін)ген

Оқылды, оқылған – оқыл(ын)ды, оқыл(ын)ған

Босанды, босанған – туды, туылды, туған, туылған

Өлді, өлген – өл(ін)ді, өл(ін)ген

Мұндай бұзылған, шұбатылған сөздерден тіліңіз бұралады. Тіліміздегі қаптап кеткен бұзылған сөздерге қатысты мақаласында М. Мағауин ағамыз былай депті:

Туылған – қазақ тілінің табиғатына жат, сөлекет сөз. Ұрғашы мал ғана туады, Әйел табады (Бес бала тапқан, он бала тапқан).

«Бар қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек»

«Адам жылап туады, кейіп өледі» (Абай)

«Туған жан өлмек, тағдырға көнбек» (Шәкәрім)

«Сенде тудым, сенде өстім мен

Сенде өлсем,

Арманым жоқ,

Бұл дүниеде дер едім мен!» (Қасым)

Осы сөздерді енді былай айтуымыз шарт екен:

«Жылап туылады, кейіп өлінеді».

«Сенде туылдым, сенде өлінсем»

«Туылған жан өлмек»

«Туылган мен өлінген жүрген жерде сауат та, түйсік те жоқ, тек қана надандық бар» (М. Мағауин. Туылған мен өлінген)

Тілдің бұзылуы осылай жалғаса беретін болса, күннің бұлттанғанын – бұлттанымы, ашылғанын – ашылымы, жауғанын – жауылымы, шәйдің қайнауын – қайнатылымы, тамақ пісіруді – пісірілімі, сызу – сызылым, жазу – жазылым, көбейту – көбейтілімі деп айтатын, жазатын күндер алыс емес. Сөздердің аяғын, соңғы буынын ішіне қарай бүктеп айту, жазу көбейді:

Не істеймін – не істейім,

Отырмын – отырым

Жүрмеймін – жүрмейім

Ұстаймын – ұстайым

Бармаймын – бармайым

Тұрмын – тұрым

Жүрмін – жүрім т.б.

Бұл сөздер де «ауысым», «оқылым», «шақырылым»-дардың жалғасы болып тілімізге енді. Шала қазақтардың сөздері қате айтылуымен бірге, өте шұбалаңқы болады:

Бағасы қанша – бағасы қанашадан болып атыр (атыпты)

Таусылды – таусылып бітіп қап атыр (атыпты)

Адамша айттым – адамшылап айтып атырым

Жаңбыр жауды – жаңбыр ұрып атыр (атыпты)

Қар жауды – қар ұрып атыр (атыпты)

Шығып барады – шығып кетіп бар атыр (атыпты)

Хабарлады – хабарлап атыр (атыпты)

Қазақта бұрын дұрыс сөз болмағандай, жергілікті тұрғындардың өзі шала қазақтардың «атыры мен атыптысының» алдына «ж» әрпін қоя салып айтатын болды. Тіліміздегі етістік сөздердің көбі «атыр (атыпты)» мен «жатыр(жатыпты)»-ға айналды:

Бағасы қаншадан болып жатыр (жатыпты)

Таусылып бітіп қап жатыр (жатыпты)

Адамшылап айтып жатырым

Жаңбыр жауып жатыр (жатыпты)

Қар жауып жатыр (жатыпты)

Шығып кетіп бара жатырым

Білмеймін деп жатыр (жатыпты) т.б.

Жеке сөздердің өзін, шала қазақтар, жеке айтпайды. Бір сөзден екі сөз жасайды. Қысқа айтылатын жалқы етістіктер бұлардың тілдерінде кездеспейді:

Келдім – кеп ағам, келді – кеп аған (кеп апты)

Бардым – барып ағам, барған – барып аған (барып апты)

Алдым – ап ағам, алған – ап аған (ап апты)

Істедім – істеп ағам, істеді - істеп аған (істеп апты) т.б.

Сұраулы сөйлемнің сөздері аяқ жағында керексіз «не» деген сөзбен қосақталып айтылса:

Бес па, не? (дұрысы: бес пе?), біреусі ма, не? (біреуі ме?), екеусі ма, не? (екеуі ме?), кеп атсың ба, не? (келдің бе?), айтып атсың ба, не? (айттың ба?) т.б.

Ал хабарлы сөйлемнің сөздері «да» деген сөзбен қосақталады:

Айтып атырым да (Дұрысы: Айтып отырмын),

Беріп атырым да (беріп тұрмын)

Айтып ед, да (айтып еді)

Беріп ед да (беріп еді)

Қарап ед, да (қарап еді)

Мынандай сөздер де кездеседі:

Айтып отырық (Дұрысы: айтып отырмыз)

Қарап тұрық (қарап тұрмыз)

Жеп отырық (жеп отырмыз) т.б.

Тұра тұр, ойнай бер, бере бер т.б. осындай келер шақтың сөздерін осы шақтың сөздерімен айтады:

Тұрып тұр, ойнап тұр, беріп тұр т.б.

Ал осы шақтың сөздерін (етістік сөздердің осы шағы): тұрып тұрыпты, ойнап тұрыпты, беріп тұрыпты, көріп тұрыпты, оқып тұрыпты - деп ұзартып айтады. Ойнап жүрген баланы «ойнап тұрыпты», тұрған адамды «тұрып тұрыпты», ери бастаған қарды «еріп бастады» деп айту тілі жоқ адамдардың аузынан ғана шығады.

Тұра тұр, ойнай бер, бере бер, жаза бер-лерді осы қалпында айтпайды. Арасына тағы бір керексіз сөзді қосады:

Беріп қоя бер, тұрып қоя бер, ойнап қоя бер, жазып қоя бер т.б.

Сіз ешнәрсені қоймасаңыз да «қоя бері» қосылып жүреді.

Оқимын, жазамын, істеймін, барамын деген сөздердің аяғына «ғо»-ны тіркеп айтса, оқыдық, жаздық, істедік, бардық-тардың аяғына «қо»-ны қосады:

  1. Оқиым ғо, жазам ғо, істейім ғо, барам ғо.т.б.
  2. Оқыдық қо, жаздық қо, істедіқ қо, бардық қо т.б.

Осы «ғо» мен «қо» қазақ тіліндегі «ғой» мен «қой»-дың бір әрпі түсіп қалған түрі. Й әрпі өздігінен түсіп қалған жоқ. Бұл да бұлардың өзбек тілінің дыбыс үндестігімен сөйлеуінің әсері. Тілін ұмытқан адамдардың бойында ұлттық намыс та жойылады. Сіз осындай адамдардың біреуін боқтасаңыз, жағаңыздан ала кетеді. Жеке басының намысы бар. Бірақ тілін аяққа таптап, «тербетіліп» деген сөзді «кәшеленіп» дегеніне намыстанбайды. Диалекті дейді. (Кәшеленіпті – «качели» деген орыстың сөзінен жасап алған). Әрбір сөздің өзінің мағынасы бар. Біз шала қазақтардың сөздерін мағынасына назар аудармастан тілімізге енгізіп жібердік. Мысалы:

«Жатын орын»

Қазақстанда құрастырылған «Тұлпар - Тальго» пойызының вагондарының сыртқы қабырғасында жазулы тұр. Жатын – қырғыз тілінде әйелдің «жатыры» деген сөз. Дұрысы: Жататын орын.

«Бар атсың ба», «кел атсың ба?»

Қазақта ат деп – пішілген айғырды айтады. Бар деген сөзден кейін үтір қойсаныз, немесе сәл үзіліспен айтсаңыз «пішілген айғыр болсаң керегің жоқ» деген мағына береді. (Айтып, атсың ба, не?, беріп, атсың ба, не?, ұйықтап, атсың ба, не? т.б.)

«Шағылыстыру»

Шала қазақтар екі адамды араздастыруды айтады. Қате. Құстар шағылысады (Мысалы: Әтеш пен тауық). Дұрысы: Шағыстыру. Біріне-бірін жамандау.

«Айналшықтау»

Бұл сөздің анықтамасын М. Мағауин ағамыз былай жазыпты:

Мүлде ұятты жағдай. Айналшық – кешіріңіз, медицинада латын тіліндегі «вагина», орыс тіліндегі «влагалише» сөзінің қазақша нұсқасы. Әдетте ұрғашы малдың мүшесіне қатысты айтылады. Сыртқы көрінісі емес, қынап бітімді ішкі жағы. Ырымға жаман, жеуге жарамсыз ғана емес, жиіркенішті «айналшық» дегеніміз осы. Сондықтан да бір ісін бірнеше қайтара істейтін берекесіз, пәтуасыз, кісіні «айналшық жеген бе» дейтін сөгісті тіркес сөз қалыптасқан.

«Айналшықтау» - ұят сөз. Дұрысы: айналсоқтау, айналақтау

(М. Мағауин «Туылған мен өлінген»)

Сөз арасында айта кетейік, боқ ауыз адамдар да шала қазақтардың арасында өте көп кездеседі. Тілдерінде сөздік қоры жетіспейтіндіктен, сөзбен сөздің арасын боқтық сөзбен байланыстырып отырады.

«Жұмыс жасайды»

Дұрысы: Жұмыс істейді. Адам өзінің іс-қимылы арқылы жұмыс істейді. Мал бағады, шөп шабады, әр түрлі заттар жасайды т.б.

«Я»

«Иә» сөзін «йа» деп айтып, жазғанда орысша «Я» әрпін қоюға болмайды. Бұл да қазақ тілінің заңдылықтарын білмегендіктен, тілді ұмытқандықтан.

«Кент»

Орынсыз көп қолданыла бастаған сөздердің бірі. Кент – қала атауын білдірсе (Шымкент – шым қала, Ташкент – тас қала), ауылды неге «кент» деп жазамыз. (Боралдай кенті, КазЦИК кенті т.б.). Мүмкін бұл сөздің мағынасы «елді мекен» шығар. Солай болған күнде де қаланы – қала, ауылды – ауыл деп ажыратып жазу керек? Ал «ықшам аудан» жеке елді мекен емес, қаланың, ауылдың бір бөлігі. Ол неге «кент» деп жазылады. (Водник кенті т.б.)

«Иманауи, заманауи, кәсіби, адами, сыни»

Гүлнардың иманауи жырлары

Қазіргі заманауи жазбалар

Кәсіби оқу орыны

Адами көзқарас

Сыни ой-пікірлер

Түсініп көріңіз. Иманауи жырларды өзі түсіне ме екен?

«Шал», «көке»

Ер адамдар бірін бірі ешқашан шал демейді. Қазақтың салты бойынша бұл әдепсіздік, көргенсіздік, санасыздық. Сырттарынан айтады (кемпір-шалдар деп).

Үлкен адамдардың барлығын (аға, әке, ақсақал, ата, қария т.б.) «көке» деу де дұрыс емес. Көке – әкенің балама сөзі. Мысалы: Бауыр, іні. Айтылуы әр түрлі болғанымен, екеуінің де мағынасы біреу.

Негізінде шала қазақтардың тілдерінде үлкен адамдарға қатысты осы екі сөз ғана сақталған.

Қатын

Әйел адамдарға қатысты осыны айтуға болады. Әйелі, жары, зайыбы, қосағы, өмірлік серігі, келіншегі, келіні деген сөздер ұмытылған. Туған келінін баламның қатыны дейді.

«Жолаушылар тасымалы»

Ойдан шығарылған сөз. Дұрысы: жолаушыларды тасымалдау. (Тасиды, тасымалдайды)

«Майда балалар»

Кішкентай баланы, сәбиді «майда бала» демейді. Майда деп – заттың ұнтақталғанын айтады.

«Су терлеп атыр»

Су терлемейді, буланады.

Адам мен мал терлейді.

«Жемістер тоңып қалған жоқ па?»

Жансыз нәрсе тоңбайды, үсиді, шіриді, бүлінеді.

Адам мен мал тоңады.

«Біздер»

Дұрысы: Біз. Біз деген сөз бірнеше адам екенін білдіреді. Оған көптік жалғауын жалғауға болмайды.

 

«Танымал»

 Ойдан шығарылған сөз. Шала қазақтардың осы бір түсініксіз сөзі қазақ тіліндегі әйгілі, белгілі, атақты, ұлы, қадірлі, сыйлы, құрметті, ел білетін, ел танитын деген сөздерді тілімізден ығыстырып шығара бастады. Белгілі адамдарды «танымал адам» деп осы бір түсініксіз сөзбен жаза салатын болдық.

Тілімізге тілімізде жоқ, қалыптаспаған сөздерді енгізу көбейді (білімгер, мінбер, мінсіз су т.б.). Армандастар, замандастар, сырластар сияқты сөздер бар екен деп «ақылдастар, тыңдастар» деп жазуға бола ма? Дұрысы: Ақылшылар, кеңесшілер, тыңдаушылар. Дұрыс сөздерді ығыстырып, керісінше тілімізге жоқ сөздерді, қате сөздерді енгізудің кажеттілігі қанша?

Орыс тіліндегі сөздердің дұрыс балама сөздерін таппастан сөзбе-сөз аудару, кейбір сөздерді аудармастан, қазақ тілінің дыбыс үндестігіне салмастан, соңына қазақша жалғауларды жалғау, тіпті бұрын аударылған сөздерді бұрынғы аудармасымен емес, тілімізде жоқ сөздермен жазу (айту) жоғарыда айтқанымыздай көбейіп кетті. (Ментальды арифметика, қазақоведтер, кәшеленіп, мінсіз су, грантқа, универге, жол патрульдық полициясы т.б.) Дұрысы: ұлттық есеп, қазақ тілі пәнінің мұғалімі, тербетіліп, таза су, ақысыз оқу, жоғарғы оқу орыны, жол сақшысы т.б.

Сөзімізді қорыта келе айтарымыз шала қазақтар қазақ тіліндегі сөздердің біреуін де дұрыс айтпайды. Күндіз-күндізінде, түнде-түндесінде, кешке-кештесінде, таңертең ерте – ертесімен, ертеңінде – ертесінде, былтырғы – былтырғыда, биылғы – биылғыда, алдыңғы күні – кешен арғы күні, бүрсүгүні – ертен арғы күні, міне – міні, жаңағы – жәнегі, біреуі – біреусі, екеуі – екеусі, жаба сал – жауа сал, жабылды – жауылды, табылды - тауылды  т.б. Тіліміздің бұзылғандығынан, кейбір сөздердің дұрысы қайсы, қатесі қайсы, ажыратудың өзі қиындаған.

 

Кешегі өткен даналарымыз ескертпеп пе еді:

Тіл жойылса – ұлт та жойылады.                                                   (А. Байтұрсынов)

Әдепті, тәрбиелі, мәдениетті адам – ол өзінің ана тілінде дұрыс сөйлейтін адам.                                                                                                (М. Әуезов)

Өзінің ана тілін өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа таптайды                                                                                      (Ғ. Мүсірепов)

Ана тіл – ұлттың бүгінгі ғана тағдыры емес, ертеңгі де тағдыры

(Б.Момышұлы)

Саны бар, сапасы жоқ қайран жұртым,

Бар байлығың «жалғызың» ана тілің.

Осыны ұқ, түсінсең тілді түзе,

Әйтпесе орға жықтың өзіңді өзің.

Еркін Омар

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар