Мысырлық заңгер зорлықты "ұлттық парыз" деп атады

/uploads/thumbnail/20171102145043601_small.jpg

Мысырлық заңгер және адвокат Наби әл-Вахш жергілікті телеарналардың бірінде  әйел зорлау – мысырлықтардың «ұлттық парызы» деп айтқан. Бұл туралы The Independent басылымы хабарлаған.

Заңгер қазіргі заман қыздарының сыртқы келбетіне ашуы келетінін айтты.  Соның ішінде оған қыздардың үстіне киетін жыртық джинсы сияқты киімдері ұнамайтынын жеткізген. Оның пікірінше, мұндай қыздарға тиісу- патриоттық парыз болса, оларды зорлау-ұлттық парыз.

Мысырдың әйелдер жөніндегі Ұлттық кеңесі әль-Вахштың бұл мәлімдемесіне арызданатынын айтты. Заңгердің мәлімдемесі Мысыр конституциясын бұзады деген пікір білдірген.

Осы жылдың 16 қазанында Мысыр астанасы Каир әйелдер қауымы үшін әлемдегі ең қауіпті қала болып танылған болатын.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар