Талғардағы жантүршігерлік қылмыстың мән-жайы анықталды

/uploads/thumbnail/20171110130148766_small.jpg

Полиция Талғар өзенінен денесі табылған ер адамды өлтірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

2 қарашада Кеңдала ауылына жақын маңда Талғар өзенінен ер адамның денесі табылған. Мәйіттегі көптеген жарақат белгілері оның кісі қолынан ажал құшқанын растайды. Кейінірек жәбірленуші Балқаш ауданының тұрғыны екені анықталып, сараптама оған жеті рет пышақ салынғанын көрсетті.

Жедел іздеу шаралары нәтижесінде полицейлер Қаратал ауданының 39 жастағы тұрғынын ұстап, Талғар аудандық ІІБ-не қамауға алды. 

«Күдікті жәбірленушімен бірге ішіп отырып, араларында туындаған кикілжің салдарынан ауыр қылмысқа барған. Бұдан бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталыпты. Қазір қылмыстың анық-қанығы тергелуде», — деп хабарлады облыстық полиция.

Қатысты Мақалалар