Қостанай облысында өзен жағасынан пакетке салынған шақалақтың денесі табылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, аталған оқиға 4 қарашада болған.
Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі аталған фактіні растап отыр. 46 жастағы ер адам Қарасу АІІБ-ге өзен жағасынан пакетке салынған шақалақтың денесін тауып алғанын жеткізген.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Қарасу ауылында тұратын 32 жастағы әйелді күдікті ретінде ұстаған. Осыған байланысты сот-медициналық сараптама белгіленді, сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде. Факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілген», — делінген мәлімдемеде.
Пікір қалдыру