Қырғызстанның президенті Алмазбек Атамбаев Ресей президенті Владимир Путинмен Санкт-Петербургте кездесті. Кездесудің видеосы sputnik.kg сайтында жарияланды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қырғызстан президентін қарсы алу барысында Путин Атамбаевпен кездесуді жоғары бағалауының себебін атап өтті. Бұл кездесу Атамбаевтың ел президенті ретінде Ресейге жасаған алғашқы іс-сапары екенін айтты.
Атамбаевтың Ресейге сапары барысында Путинмен кездесіп, Ресей-Қырғызстан арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарланды.
«Сіз Қырғызстан президенті болып сайланған сәттен бастап екі ел арасындағы байланыс нығая түсті. Тек экономика мен қауіпсіздік саласы ғана емес, гуманитарлық бағыт та біршама белең алды» деді Путин.
Ал Атамбаев өз кезегінде екі ел арасындағы бейбітшіліктің сақталатынына сенім білдірді.
Пікір қалдыру