Бүгін «Kaspi Bank» АҚ, «ForteBank» АҚ, «Еуразиялық банк» АҚ, және «Сбербанк» АҚ ЕБ жергілікті банкомат желілерінде клиенттердің серіктестік шарттарында ақша алуы туралы келісім жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Төрт банктің клиенттері келісімге қатысушы өзге банктің банкоматынан бір транзакция кезінде 200 мың теңгеге дейін және бір тәулікте 500 мың теңгеге дейін ала алады.
Келісім клиенттер үшін Қазақстан бойынша 2 500-ден астам банкоматта қолма-қол ақша алуды оңайлатады.
Келісімге қатысушы әр банктің өз клиенттері үшін ақша алудың жеке талаптары сақталады.
Төрт банктің төлем карталарын 3,5 милионнан астам қазақстандықтар қолданады.
Пікір қалдыру