Дональд Трамптың президенттік сайлауда жеңіске жететінін және Ниццеде теракті болатынын айтқан британдық көріпкел Крейг Гамильтон-Паркер өз блогында 2018 жылға болжам жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ол келер жылды саяси және экологиялық дағдарыс жылы деп атады.
Крейг Гамильтон-Паркердің болжамдары:
Террористер Еуропа астанасына химиялық қарумен шабуылдайды. Ол Лондон және Берлин болуы мүмкін.
Америкалық әскери кеме минамен немесе теракті садарынан суға батырылады.
Солтүстік Кореяда төңкеріс болып, Ким Чен Ынды халық биліктен кетіреді. Ол Қытайға қашуы мүмкін.
Бірнеше елде күшті жер сілкінісі болады.
Солтүстік Корея немесе террористік топ бастаған биологиялық соғыс нәтижесінде тұмау індеті жүреді.
Пікір қалдыру