Ғалымдар адамзатты әп-сәтте жоқ қылатын «күшті қаруды» таныстырды (видео)

/uploads/thumbnail/20171122173748852_small.png

Болашақ өмір институтының қызметкерлері Стивен Хокинг пен Илон Маск болашаққа төніп тұрған қауіп көрсетілген видеоны жариялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Деректі фильм жоғары технологияның кесірі болашаққа қандай зардап әкелетінін көрсетеді. Бұл жолы ғалымдар адам қолынан жасалған ұсақ қанішер-ұшақтар жайында сөз қозғады. Аталмыш ұш«ақтар арқылы қылмыскерлер кез келген адамды кез келген жерде өлтіре алады.

Видео Женевада өткен БҰҰ мүшелерінің заманауи қару-жарақтарға арналған отырысында көрсетілді. Онда «ақылды қарудың» зияны жайында бүге-шүгесіне дейін айтылды. Оның үстіне, көркемдік бейнероликте көрсетілген технологиялардың тең жартысы бүгінгі таңда пайдаланылады. Олардың бәрін қолдануға ыңғайлап әрі біріктіру үшін көп уақыт қажет емес екендігі де айтылды.

Отырыстың басты тақырыбы ұсақ ұшақтар болды. Олар түрлі мемлекеттердің билігіне ғана емес, террористер үшін де ең тиімді қару екендігі ескертілді. Тек бақылап үйреніп алса болғаны. Көрермендер видео арқылы саясаткердің немесе университет ішінде отырған студенттердің бірер секунд ішінде ұсақ ұшақтардың кесірінен қалай өлім құшқандарына куә болды. Әрі одан қашып құтылу да оңай емес.

Қатысты Мақалалар