«Латын әліпбиіне көшу қазақ тілін әйгілеп қана қоймай, көкжиегін де кеңейтеді. Мен басқа елдерге барғанда қаншама қазақ диаспорасының ақпарат алуда кедергілерге тап болаып жатқандығын көрдім» дейді «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин «Аманат» интеллектуалдық клубының кезекті отырысында.
«Нұр Отан» хатшысының айтуынша, қазақ тілі латын әліпбиіне көшкен кезде автоматты түрде ақпараттық кеңістігі кеңейе түседі. Қытай, Түркиядағы және басқа жақтағы қазақ жастарына жол ашылады деп отыр.
«Біз бұл мәселені бұрын да көтердік. Бірақ, тек пайдалы, пайдасыз қырларын ғана алып келдік. Ендігі ретте, нақты бір шешімге келетін боламыз. Елбасы Жолдауында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуді бастау керектігін айтты. Әйтсе де, мемлекет басшысы бұл бастаманы осы сәттен бастап қолға алу керектігін меңзеді» дейді Е.Қарин.
Пікір қалдыру