Жанармай бағасын 165 теңгеге дейін көтерген жанармай құю бекеттері, бүгін күтпеген жерден оны 8 теңгеге арзандатып жіберді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасай отырып.
Бұған дейін бәйгеге түскендей жанармай бағасын бірінен соң бірі көтерген жанармай бекеттері енді біртіндеп оны төмендетіп жатыр. Қазір жанармайдың литрі 157-158 теңгеге саудалауда.
Естеріңізге салсақ, Энергетика министрі "желтоқсан айының басында жанармай арзандайды", - деген болатын.
Бірақ «Қазмұнайгаз»-дың вице-президенті Данияр Тиесов "Жанармай бағасы бір тиынға да төмендемейді", - деп министрдің мәлімдемесін жоққа шығарған еді.
Пікір қалдыру