Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыс аймағында қалған қазақстандық балалар санын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz-ке сілтеме жасай отырып.
ҰҚК мәліметіне сүйенсек, бомбалау аймақтарына Қазақстанның азаматтары да тап болып жатады.
"Біз қайта тексеруге тырысып жатырмыз, бұл өте қиын жұмыс – ол жерде ешқандай консулдық қызмет жоқ, биліктің өзі қақтығыс аймақтарын бақылауға қауқарсыз, дегенмен бұл жұмысты атқаруға барынша күш салып жатырмыз", — деп сендірді ҰҚК төрағасының орынбасары.
Қазір Қазақстанға 63 бала қайтарылған, тағы 50 баланы алып келу жоспарланып отыр. "Бұл балаларды оңалту үшін қауырт жұмыс істеуміз керек болады", — деп атап өтті Білісбеков.