Бір топ тонаушы банк тонағанда мынадай сөз айтыпты: «қозғалмаңдар, ақша мемлекеттікі, жан өздеріңдікі!». Мұны естіген қызметкерлер ләм деместен жерге жата қалыпты. Тонаушының біреуі қол-аяғын аспанға созып, талтайып жатқан кассир бойжеткенге қарап: ‹бикеш, әдептірек жатыңыз, бұл – тонау, әсте зорлау емес› деген екен. Қылмыскерлердің ішіндегі жоғары білімі бар біреуі: «Қанша ақша алғанымызды санап көрелік» депті. Сонда бастауыш білімі де жоқ Атаман: «Ой, ақымақ! осынша көп ақшаны қашан санап боламыз? Кеште хабардан көрсек болды емес пе? Сонда өздері-ақ санын айтып береді› депті.
Тонаушылар бар ақшаны алып, із суытқан соң банк бастығы орынбасарына сыбырлап, «ұрланған ақшаның санына өзіміз жеген ақшаны да қоса сал» депті.
Үш жігіт бір қыздың үйіне барып үйлену талабын қойыпты, қыздың әке-шешесі оларға өздерін таныстыруды сұраған екен.
Сонда бірінші жігіт: менің 10 миллион долларым бар десе, екінші жігіт менің бір саяажым бар. Құны 20 миллион доллар тұрады депті. Қыздың әке-шешесі қатты қуанып кетсе керек. Үшінші жігітке қарапты. Ол «менің ештеңем жоқ. Тек бір балам бар. Ол қызыңыздың құрсағында» деген екен.
Сонда бірінші жігіт пен екінші жігіт ештеңе демей шығып кетіпті.
*****
Қыздар моншасына өрт кетіпті, барлық адам абдырап тыр-жалаңаш күйінде сыртқа қарай қашыпты. Көшеге шығып естерін жиған қыздар екі қолымен ұятты жерлерінің қай жерін жабарын білмей әбігерге түссе керек. Сонда жолдан өтіп бара жатқан қария: беттеріңді жабыңдар, басқа жағы бәріңде ұқсас деген екен.
****
Әкесі машинасын жуып жатса, баласы қолындағы таспен машинаның есігін сызып тастапты. Ашуланған әке таяқпен салып жіберіпті. Баланың қолы сынып, дереу дәрігерге апарған екен. Сонда бала: Әке, кешіріңіз, енді олай істемеймін, - деп жыламсыраған көрінеді.
Әкесінің ашуы орнына түсіп, машинасына қайтып келіп, анықтап қараса баласы: «Әке Сізді жақсы көремін» деп жазған екен.
***
Бір соқыр қыз болыпты, оның ештеңесі жоқ еді, тек оны сүйетін жігіті ғана бар еді. Жігіті одан: Егер сенің көзің көре алатын болса, менімен отбасын құрасың ба? – деп сұрағанда, қыз ойланбастан «иә» деп жауап беріпті.
Көп өтпей, қыздың көзіне ота жасалып, оның көзі көретін болыпты. Бірақ ол өзінің жігітінің де соқыр екенін көріп, онымен отбасын құраудан бас тартыпты. Сонда жігіт бір ауыз сөз айтып, кетіп қалған екен...
– «Көзіме жақсы қара!»
****
Ұлы қартайған шешесін асырай алмағандықтан, оны тау басынан лақтырып жіберу бекіміне келіпті. Кеш батарда тауға барып сейілдейміз деп шешесін арқалап жолға шығыпты. Биік таудың басына жеткенше, шешесінің қолындағы бұршақты бір-бірлеп жерге тастап келе жатқанын көріп, «мұның не» деп сұраса керек. Шешесінің жауабын естіп, баласы көз жасына ерік беріпті. Сондағы анасының айтқаны:
– Балам-ау, сен қазір таудан жалғыз түсесің ғой. Сонда адасып кетпесін дегенім...
Қытай тілінен аударған: Бекарыс
"Күлтегін" сайтынан
Пікір қалдыру