Алматы қаласы Төле би мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы кеңсеге жарылғыш зат қойылды деген хабарлама түскен. Полицей қызметкерлерінің кеңселік ғимаратты тексеруі барысында «жарылғыш зат қойылды» деген ақпарат жалған болып шықты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Полиция ақпарат таратушыны анықтап, оны ұстады. Кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында А. есімді 1995 жылғы жұмыссыз ОҚО тумасы ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру жүргізілуде
Сонымен бірге, ІІД терроризм актісі туралы жалған мәліметті хабарлау қылмыс екенін және оған қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.