Ресей Тәжікстанға құны 122 млн доллар болатын әскери техниканы сыйға тартты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Жіберілген қару-жарақ пен әскери техника Тәжікстанның Қарулы күштерінің террорситік қауіп-қатерді жоюына көмегін тигізіп, тәжік-ауған шекарасына сенімді қалқан орнатуға мүмкіндік береді», - деді Қорғаныс министрлігінің халықаралық әскери ынтымақтастық бөлімінің бастығы Александр Кшимовский.
Тәжік әскерлері үш Т-12Б1 танкісін, он БТР-80, БТР-70 және БМП-2 көліктерін, үш Д-30 зеңбірегін Ми-24, Ми-8 тікұшақтарын және медициналық, топографиялық құрылғыларды алды.
2011 жылдан бері Ресейден ірі көлемде көмек алған Қырғызстан, Армения және Тәжікстан болды.