20 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамы жарияланды

/uploads/thumbnail/20171220083034168_small.jpg

20 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, тек оңтүстік және оңтүстік шығыста ауа ағындарының өтуіне байланысты жауын-шашын болуы ықтимал, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазақпараттың мәліметіне сүйенсек, оңтүстік және оңтүстік шығыста көктайғақ болып, жел күшейеді.  

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.  

Жамбыл облысында көктайғақ болады.

Қатысты Мақалалар