Мансур 13 жаста болса, де 9 адамы бар отбасын асырап отыр. Ол қарындастары мектепте оқысын деп Кабул көшелерінде арба сүйрейді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Азаттық жариялады.
«Қарындастарым мектепке барсын деп, осы қиындықтың бәріне төзіп жүрмін. Отбасымның тамағы мен қарындастарымның қағаз-қаламына жететін ақша тапқым келеді», - дейді Мансур.
Үйдің үлкені болған соң бос отырмай, жұмыс істеуім керек деп ойлайды. Төрт қарындасы мектепке барып жүр. Анасы үйде үш інісін бағып отыр.
«Ұлым үйге қайтарда кешіксе, алаңдап отырамын. Осы балалар үшін тамақ әкелетінін білемін. Науқас әкесі ертеректе қайтыс болған», - дейді Мансурдың анасы.