Мексикалық Веракрус штатында белгісіз біреулер журналист Гумаро Перес Агиландоны өлтіріп кетті. Қылмыскерлерді қолға түсіріп үлгерген жоқ, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға «Агирре Синта» бастауыш мектебінде орын алған. Журналист ұлы оқыған мектептегі Рождестволық шараға қонақ ретінде шақырылған.
Белгісіз біреулер оқу орнына кіріп келіп БАҚ қызметкерін атады, кейіннен ізін суытып үлгереді.
Перес жергілікті басылымдардың бірінде қылмыс тақырыбында жазатын журналист болған.
Деректерге сүйенсек, 2017 жылдың өзінде Мексикада 11 журналист өлтірілді. 2000 жылдан бері 104 журналист көз жұмған. Арнайы прокуратураның мәліметінше, құқық бұзушылықтың 99,85%-ы жазасыз қалған.