Бүгін, 20 желтоқсан «Азаттық» радиосының редакторы, журналист Рахат Мамырбек қайтыс болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Әріптестерінің айтуынша, Рахат Мамырбек бірнеше күн бұрын инсульт алып, ауруханаға түскен. Сол уақыттан бері есін жимастан бақилық болды.
Рахат Мамырбек 1978 жылы, 10 ақпанда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы), Аягөз ауданы Тарбағатай ауылында дүниеге келді. Алматы мемлекеттік университетінің философия және саясаттану факультетін бітірді.

Рахат 2010 жылдан бері Азаттықтың Алматы бюросында редактор және жүргізуші болып қызмет атқарып келді. ҚазҰПУ-ді саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген. "Қазақстан", "31-арна", КТК және "Алматы" телеарналарында жүргізуші, редактор болып тәжірибе жинаған. Жергілікті телеаудиторияға кең танылған "Күлтөбе" телехабарының авторы әрі модераторы болған.