Қазақ елі бүгін Құман Тастамбековпен қоштасты (фото)

/uploads/thumbnail/20171220122953477_small.jpg

Бүгін Алматыда Мұхтар Әуезов атындағы драма театрында қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен елімізге белгілі актер Құман Тастамбековпен қоштасу рәсімі өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қоштасу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, Асанәлі Әшімов бастаған өнер жолындағы қайртакерлер мен зиялы қауым түгел жиналды.

Құман Тастанбеков

Бірнеше күн бұрын «Қыз Жібек» фильмінде Төлегеннің рөлін сомдаған актер Құман Нұрмағанұлы Тастамбеков көз жұмды.

Құман Тастанбеков

Айта кетер болсақ, Құман Тастамбековтың ең алғаш сомдаған рөлі — Қыз Жібек фильміндегі Төлеген образы. Осы фильмнен кейін ол бүкіл қазаққа Төлеген ретінде танымал болды. Бұдан кейін де ол көптеген фильмдерге түсті және театр сахнасында да түрлі образдарды сомдады. Ол «Қазақстан Ленин комсомолы» сыйлығының иегері атанып, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Құман Тастанбеков

Қатысты Мақалалар